Еxit-poll есептері шықты: Бақылаушылар не дейді?

Елімізде АЭС құрылысына қатысты жалпыхалықтық референдум аяқталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясының 20:00-дегі есебі бойынша сайлаушылардың пайызы дауыс берген. Ең жоғарғы көрсеткішті Қызылорда облысы көрсетсе (82,48 пайыз), ең төменгі көрсеткіш Алматы қаласында тіркелген (25,39 пайыз). Ал Елордада сайлаушылардың 50,81 пайызы дауыс берген.

1728300326978083.jpg

(Суреттер: ОСК сайты, Еділов арнасы, sputnik.k сайтынан алынды)

АЭС құрылысына қатысты өткен жалпыхалықтық референдумда үш институт Exit poll жүргізген. Олар да алдын ала есептеулерін жасап, нәтижесін жариялады. Сонымен, Exit poll нәтижесі қандай болды?

БІРІНШІ EXIT POLL: 69,8 ПАЙЫЗ

Алғашқы есепті «СОЦИС-А» Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жариялады. Олардың есептеуінше, дауыс берушілердің 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдаған, ал 30,2 пайызы қарсы шыққан.

ЕКІНШІ EXIT POLL: 72,3 ПАЙЫЗ

Ал «Amanat» партиясының  қоғамдық саясат институты АЭС құрылысын жақтаушылар саны 72,3% екенін, қарсы дауыс бергендер саны 27,7%-ды құрайтынын есептепті.

ҮШІНШІ EXIT POLL: 71,8 ПАЙЫЗ

Үшінші еxit-poll-ды Еуразиялық интеграция институты жариялады. Олардың есептеуінше, АЭС құрылысын электораттың 71,8%-ы қолдаған.

«ЕЛ ДАУСЫ» БАҚЫЛАУШЫЛАРЫ НЕ ДЕЙДІ?

Еxit-poll нәтижелері жарияланып, референдум өтті деп айта аламыз. «Ел дауысы» қоғамдық қорының бақылаушылары республика бойынша сайлау учаскелеріндегі комиссиялардың жұмысын бақылап отырды.

Бақылау барысында сайлау комиссияларының жұмысы туралы жалпы ұйымдастырушылық ескертулер болды, ертең біз олар туралы егжей-тегжейлі баяндаймыз. Сондай-ақ процесті жетілдіру бойынша ұсыныстар береміз.

Жалпы, республикалық референдум жақсы қарқынмен өтіп, қазақстандықтардың басым бөлігі белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Алдын ала қорытынды сайлаушылардың 63,87 пайызын немесе 7,8 миллион адамды құрады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы.

Еxit-poll нәтижесі бойынша 69,8 пайызы қолдап, 30,2 пайызы қарсы дауыс берді. Тағы бір exit-poll сәйкесінше 72,3%-ды және 27,7%-ды көрсетті.

Ертең біз түпкілікті нәтижелерді күтеміз, егжей-тегжейлі ақпаратты, сондай-ақ комиссиялардың жұмысы мен мониторингі бойынша жинақталған ұсыныстарды жариялаймыз.

«ДАУЫС» БАҚЫЛАУШЫЛАРЫ НЕ ДЕЙДІ?

«ДАУЫС» ҚБК референдум кезіндегі бақылаушылар желісінің жұмысы туралы: Бүгін «ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы мыңдаған белсенді азаматтардың басын біріктірді және республикадағы барлық дауыс беру учаскесінде референдумның өтуіне бақылау жасау бойынша ауқымды науқан жүргізді.

«ДАУЫС» байқаушылары учаскелер ашылғаннан бастап ірі қалалар мен шалғай ауылдарда жұмыс істеді. Күні бойы учаскелердегі барлық жағдай нақты уақыт режимінде бақыланған және бақылаушылардың ақпараты шоғырландырылған «ДАУЫС» ситуациялық орталығы жұмыс істеді.

Біздің бақылаушылар дауыс беру процесінің барлық кезеңдерін егжей-тегжейлі тіркеп отырды. Жұмыс барысында учаскелік комиссиялардың жұмысына ескертулер айтылды. Біздің ескертулер оң қабылданып, кемшіліктер дер кезінде жойылды.

Референдум нәтижелеріне әсер ететін заң бұзушылықтар анықталмағанын атап өтуге болады. Комиссиялардың жұмысы дауыс беру процесінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етті. Қазір біз Коалицияның аймақтық филиалдары мен ҮЕҰ-әріптестерден жиналған мәліметтерге егжей-тегжейлі талдау жасап жатырмыз. Мониторинг нәтижелері туралы толыққанды есепті жақын арада жариялаймыз.

«ДАУЫС» Коалициясы барлық әріптестерге және өңірлердегі байқаушылар командаларының құрамына көрсеткен жауапкершілігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдіреді.

«БАҚЫЛАУ ҚЫРАНДАРЫ» БАҚЫЛАУШЫЛАРЫ НЕ ДЕЙДІ?

«Бақылау қырандары» тобының жетекшісі, саясаттанушы Нұрболат Нышанбай бүгінгі күнді қорытындылап, жеке парақшасында жазба қалдырды. Ол былай дейді:

«Бақылау қырандары» референдум аясындағы байқаушылық жұмысын аяқтады. Осымен референдум да аяқталды. Жалпы алғанда оған қазірдің өзінде оң баға беруге болады. Біз бір ай бойы жұмыс жасадық.

«Бақылау қырандары» қозғалысын құрып, бақылаушыларды оқыттық. Бүгін бақылаушыларымыз 10 аймақта бақылаушылық атқарды. Қазір қыз-жігіттердің бәрі учаскелерден шығып, үйлеріне қайтты. Түсінемін. Шаршады, шалдықты. Алайда азаматтық борыштарына адал болды.

Барлығыңызға көп рахмет. Қолдаған жандарға, бақылаушыларға. Бәріне, бәріне алғыс! Осы мақсатты абыроймен атқардық деп сенемін. Біздің жұмысқа қатысты ертең толық, нақты ақпарат беретін боламыз. Жариялап, қорытындылаймыз.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар