Ресей Қазақстаннан және өзге елдерден көмек сұрауда: Мұқтажбыз! Көмек керек!

The Moscow Times басылымының жазуынша Ресей Қазақстаннан және өзге одақтас елдерден Ресейдің ішкі рейстерінде азаматтық авиация ұшақтың жетіспеуіне байланысты көмек көрсетуін сұрап отыр. Ресейдің ішкі рейстерін қамтамасыз ету үшін және дефицитті азайту мақсатында Ресейдің Транспорт министрлігі одақтас елдерге өтініш айтуда. Бұл туралы сәрсенбі күні аталмыш министрлікке қарасты басқарма басшысы Роман Старовойт мәлімдеді.


Россия тратит $12 млрд на поддержание авиационного сектора в воздухе -  Aeroflap

 

Ресей әлемде бар тәжірибені қолдануға тырысуда дейді мамандар. Яғни бір ел ішкі рейстерін толық қамтамасыз ете алмаған жағдайда, өзге елдің компанияларымен келісім жасау арқылы ішкі рейстің тапшылығын шешуге тырысады. Қазіргі таңда Ресейдің ішкі рейстерін тек қана ресейлік компаниялар қамтамасыз етеді. Алайда тапшылықтың артуына байланысты Ресей ережені өзгертіп, өзге елдерден көмек сұрауға мәжбүр болып отыр.

 

Старовойт азаматтық авиация паркінде ұшақтардың жетіспеуіне байланысты осындай шешімге келуге мәжбүр екенін айтты. Ол ұшақтың жетіспеушілігі тек қана Ресейде емес, жалпы әлемде бар құбылыс деп сендіруге тырысты. 


Өзге елдің әуе компанияларын ішкі рейсті шешуге шақыру, үлкен шығын дейді ресейлік сарапшылар. Терминмен айтатын болсақ, өзге елдің компаниясы арқылы ішкі рейстің тапшылығын шешуді каботаж деп атайды.

 

«Каботаж – рейстердің тапшылығын шешудегі ең тиімсіз әдіс. Себебі қаржы сыртқа кетеді. Уақытша тапшылықты азайтады, алайда ішкі компанияларды дамытуға тиіс қаражаттың көбі сыртқы компанияларға кететін болады», - дейді ресейлік мамандар.

 

Ресей әскері Украинаға басып кіргенге дейін Ресейдің азаматтық авиациялық паркінде 850 ұшақ болды. Ал 2023 жылы олардың саны 736 ұшаққа дейін азайды. Санкцияға байланысты Ресейдің азаматтық авиациясының паркі алдағы жылдары азайып, 2026 жылы 350-400 ұшақты құрауы мүмкін дейді мамандар. Бұл Батыс елдерінің тарапынан Ресейге ұшақтарды жеткізбеу, бөлшектерді сатуға тыйым салу және техникалық қамтамасыз етуді тоқтатуымен тікелей байланысты.

 

Ресей Батыстық компаниялардың ұшақтарын отандық ұшақтармен алмастыруға ниетті екенін айтып, ұшақ жасау бағдарламасына қыруар қаржы жұмсауда. Жоспар бойынша 2026 жылы Ресей 120 ұшақ, 2028 жылы жылына 200 ұшақ, ал 2030 жылдан бастап жылына 230 ұшақ жасауы тиіс. Алайда Ресейдің бағдарламасы тым баяу жүруде және алға қойған мақсаттың оннан бір бөлігі ғана орындалуы ықтимал. Жоспар бойынша Ресей 2023 жылы екі Sukhoi Superjet ұшағын, үш Ту-214 ұшағын жасауы тиіс болатын. Ал 2024 жылы 20 бірінші типті ұшақ, 7 дана екінші типті ұшақ және алты дана MC-21 пен екі дана Ил-114-300 жасап шығуы тиіс еді. Дегенмен, Ресей бар болғаны екі дана Ту-214 пен бір Ил-96-300 ұшағын ғана жасап шықты. Осылайша Ресей билігі бағдарламаға бөлінетін қаржыны азайтып, 2025 жылы жоспарланған 82 ұшақтың орнына 20 ұшақ жасауды ойластыруда. Ал 2026 жылғы жоспарланған 120 ұшақ 97 ұшаққа, 2027 жылы жоспарланған 180 ұшақ 140 ұшаққа дейін азайтылды.

 

Бірінші вице-премьер Денис Мантуровтың қыркүйектегі пікіріне назар аударсақ, ұшақ жасау бағдарламасын алдағы жылдары қайта қарап, өзгерістер енгізуі мүмкін. Сарапшылар бұған дейін Ресейдің азаматтық авиациясына қосалқы бөлшектер жетіспеуіне байланысты, кей ұшақтарды бөлшектеп жатқанын жазған еді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар