Зеленскийдің «ядролық қаруы»: Ресей Беларуське «бомба» берді. Украина қайтпек?

Президент Зеленскийдің «ядролық бомбасы». Иә, қағыс естіген жоқсыздар: «Президент Зеленскийдің ядролық бомбасы» әлемдік БАҚ талқысына арқау болды.

1729241878990650.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz / Суреттер: istockphoto.com және РБК сайттарынан алынды)

Президент Зеленский ЕО көшбасшыларымен кездесуден кейін баспасөз жиынын өткізіп, өзінің АҚШ-тың бұрынғы президенті Доналд Трамппен сөйне туралы сөйлескенін айтты.

«Трамппен сөйлестім. Мен оған: «Не Украинаның ядролық қаруы болады, не Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүше болады», - дедім. Біз қазір НАТО-ны таңдап отырмыз!

Айтыңызшы, ядролық мемлекеттердің қайсысы зардап шекті? Украинадан басқа ешқайсы! Ядролық қарудан барлығы бас тартты ма? Және жоқ! Тек Украина ғаан! Бүгін кім соғысуда? Тағы Украина!», - деді президент Зеленский.

Зеленскийдің осы сөзі жаһандық ақпаратқа жылдам тарап, «Укарина ядролық қару жасамақ па» деген сұрақ төтесінен қойылды. Бұл сөзге президент Зеленскиідің өзі жауап беріп: Украина ядролық қару жасаумен айналыспайтынын айтты.

Ал «BILD» басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Украина өзінің ядролық қаруын өндіру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын.

Тарқата айтар болсақ, есім-сойы беймәлім украиналық шенеунік немістің «Bild» басылымына: «Егер бұйрық берілсе, Украина  бірнеше аптаның ішінде ядролық бомба жасай алады», - деп айтқан.

Зеленский бұл туралы: «Біз ядролық қару жасауға дайындалып жатқанымызды ешқашан, еш жерде айтқан емеспіз», - деді.

Кезінде  КСРО құрамынан ядролық қарумен шыққан үш ел – Украинаны, Қазақстанды және Беларусті ядролық қарудан бас тартатқандарына айырбас ретінде қорғауға кепілдік берген «Будапешт меморандумы» болған-тын.

Әскери сарапшылар, Украинаның ядролық қару жасауға шамасы да, білімі мен материалдық базасы да жеткілікті екенін алға тартады. «Және Ресей Киевке қайта шабуылдаса, Украина ядролық қару жасауды қолға алатын болады», - деп есептейді.

Ал президент Зеленский Трампқа «Будапешт меморандумы» туралы, Украина ядролық қарудан бас тартқаны туралы, бірақ, уәде етілген қауіпсіздік кепілдіктерін алмағаны туралы айтқанын мәлімдеді. Зеленский өз сөзін: «Бізде НАТО-дан басқа балама жоқ!», - деп түйіндеді.

Ресей ақпараттары президент Зеленскийдің бұл айтқандарын: «Украина таңдау қойды. Не ядролық қару, не соғысқа қатыспауға кепілдік беретін сенімді альянс деп отыр. Ол – НАТО. НАТО бүгінде соғыспайды. Сондықтан, Украина ядролық қаруды емес, НАТО-на таңдап отыр. Егер Украина НАТО-ға қабылданбаса, онда сөзсіз ядролық қару жасауға кірісіп кетпек», - деп қорытынды шығаруда.

Ресейлік пропогандашылар: «Украина билігі Ресейде кеңінен таратылып жатқан ядролық риториканы көріп отыр.  Украина «Будапешт меморандумын» еске түсіріп, егер Батыстың көмегі Украинаны сақтап қалмаса, онда да соңғы ядролық шоқпар пайда болуы мүмкін екенін жұрт санасына құймақшы», - деп әл-әзірден дабыл қағуда.

Президент Зеленский: «Біздің таңдауымыз – ядролық қару емес, НАТО-ға қосылу», - деп тайға таңба басқандай айтса да, әскери сарапшылар Украинада ядролық потенциалдың сақталып қалғанын айтады. Сарапшылардың бір тобы – «Ресей Беларуське ядролық қаруын орналастырды. Ал Батыстың (АҚШ) дәл сондай қаруды Украина жеріне орналастыруына кедергі жоқ» деп пікір түйсе, екінші топ сарапшылар – «Украина НАТО-ға қосылады. Өйткені, ядролық клубтың кеңеюі – өркениетті әлем үшін қорқынышты түс», - деп ой түйеді.

Бұған қатысты сіз не дейсіз?

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар