Қазақ әскері - елдің тәуелсіздігі мен суверенитетінің кепілі!

Кез келген мемлекет қорғаныс саласына баса мән беретіні анық. Себебі мемлекеттің тұтастығы, елдің тәуелсіздігі мен суверенитетінің кепілі, ол – қуатты да айбынды әскер! Бұл ежелде қалыптасқан қағида әлі де өзгерген емес және жақын аралықта өзгеруі де екіталай.


Защитит ли Казахстан его армия?

 

Қазақстан соңғы жылдары қорғаныс саласына көбірек қаржы бөлуді бастады. Бұл әлемдегі аумалы-төкпелі геосаяси жағдайға және державалардың қақтығысына байланысты іске асуда. Әлем елдері жаппай қарулануды бастады және милитаристік саясат күшеюде. Бұл үрдістен қорғанысын ойлаған елдер де кенде қалмасы анық, соның бірі Қазақстан.

 

Қазақстан қорғаныс саласында тек қана қаруды сырттан сатып алмай, отандық өнімге баса мән беруге тырысуда. Қару-жарақ сатып алу саласын әртараптандыру іске асуда. Мемлекетіміз бұған дейін Ресейден қару алуға басымдық берсе, ендігі таңда Қазақстан Израиль, Қытай, Түркия, Пәкістан және басқа елдерден қару алуды арттырды. Бұл бір мемлекетке деген тәуелділікті жойып, сан түрлі қаруға қол жеткізуге мүмкіндік ашады.

 

Қазақстан әскері біліктілігін арттыруды жалғастыра бермек. Әскеріміз еліне қорған, жауына сес бола бергей.


Mezgil.kz  



Ұқсас тақырыптар