"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы қалай іске асуда?

Елімізде «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы қабылданған еді. Жобаның мақсаты еліміздегі экологияны жақсарту, жасылдандыру саясатын іске асыру, түрлі ресурсты үнемдеуді үйрету болып саналады.


Что означает экология? - Остров доброй надежды

 

Аталмыш жоба аясында «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат», «Экология болашағы» атты бірнеше негізгі бағыттардан және 11 міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс тапсырмадан тұрады. Ұлттық жобаның аясында 60 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту іске асуда.

 

Жобаның аясында «Таза Қазақстан» жобасы іске асырылып келеді. Ол бойынша экологияны жақсарту, қоқыстан қоршаған ортаны тазарту шаралары жүзеге асуда. Бұл ауа сапасын жақсартуға және экожүйені қалыпты жағдайда ұстауға көмектеседі. Әлбетте, жобаның ұзақ мерзімді эффектісінде денсаулықты жақсарту жағы да қарастырылған.

 

«Үнемді Қазақстан» жобасы аясында су ресурстары мен энергияны үнемдеуге үйрету жағы қарастырылса, «Табиғат» жобасының мақсатында флора мен фаунаның алуан түрлілігін сақтау көзделген. Ал «Экология болашағы» жобасы халықтың экобілімін жан-жақты дамытуға арналған.


Mezgil.kz

 



Ұқсас тақырыптар