Өзбекстан мен Ресей арасындағы шиеленіс: Нан тауып беріп отырған ел үшін неге соғыспайды?!

Өткен аптада Өзбекстан соты Ресей тарапында соғысқан Өзбекстан азаматын 3 жылға бас бостандығынан айырды. Өзбекстан азаматы 2023 жылдың тамыз-қазан аралығында Ресей үшін соғысып, Донецк облысында жарақат алған. Өзбекстанға қайтып келген сәтте тұтқындалып, өзге ел аумағындағы соғысқа қатысқаны үшін заң алдында жауапқа тартылды. Оның ұялы телефонынан ресейлік паспорттың суреті де табылған. Ресей билігі соғысқа қатысқан еңбек мигранттарына азаматтық беретінін айтумен келеді. Міне, паспорт соның дәлелі дейді Өзбекстандық БАҚ өкілдері.


Лидер «Справедливой России» Миронов получил кувалду в подарок от Пригожина  - Газета.Ru | Новости

 

Өзбекстан билігі өз азаматтарын өзге ел аумағындағы ұрыс қимылдарына қатыспауға шақырып, үндеу жасаумен келеді. Қазандағы Өзбекстанның консулдығы арнайы мәлімдеме жасап, Украина-Ресей соғысына қатысқан Өзбекстан азаматтарын заң аясында жазалайтынын ескертті. Алайда бұл ескерту ресейлік саясаткерлердің ашуын тудыруда.

 

Мысалы Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Сергей Миронов Өзбекстанға қатысты визалық режим енгізуді сұрап, Х (бұрынғы Туиттер) желісінде жазба қалдырды. Ол былай дейді: «Өзбекстанның Қазандағы Бас консулдығы өз азаматтарын Ресей әскері қатарына қосылмауға шақыруда. Неге олар ана капиталын алмауға шақырмайды? Басқа игіліктерді де қолданбаңдар деп үндеу тастамайды? Өйткені бұл олар үшін өте маңызды! Ал бірақ сені тамақтандырып отырған елді қорғауға бармаңдар дейді. Визалық режим керек! Нүкте! Басқа ойдағы азаматтардың түкке қажеті жоқ!», - дейді ол.

 

Өзбекстан депутаттары мен белсенділері ресейлік депутаттың сөзіне жауап берді. «Миллий тикланиш» партиясының депутаты Әлішер Қадыров былай дейді: «Өзбектер кісі өлтіріп емес, адал маңдай терімен қаржы табуда. Ал Ресейді Мироновтың өзі, балалары, немерелері қорғауы тиіс. Менің білуімше, өзбектер сияқты орыстар да отанды қорғауды қасиетті борышы санайды. Сол борышын іске асыру мүмкіндігі туып тұр», - дейді Қадыров. Ол бұл туралы ойын өзінің telegram арнасында жазған.

 

«Юксалиш» ұлттық қозғалысының басшысы, депутат Бобур Бекмуродов та ойын айтты. Бүй дейді: «Біріншіден, Өзбекстан өз азаматтарының өзге соғысқа қатысуына ешқашан келіспейді. Біздің консулдығымыз өз азаматтарын Өзбекстан заңына сәйкес келмейтін әрекеттерді жасамауға шақыруы әділетті әрі заңды дүние. Біздің азаматтарымыз Ресейдің ээкономикасына үлес қосуда. Олар салық төлеп жатыр. Әлеуметтік төлемді азаматтардың өміріне қауіп төндіретін әрекетпен салыстыру нағыз абсурд қой», - деп тіліп салды.

 

Өзбекстан Журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры Шерзодхон Кудратхожа болса Ресей билігінде отырған тұлғалардың балалары, немерелері мобилизациядан жалтарып, Еуропа мен АҚШ-та жүргенін айтты. Ол «Өзбекстанда жүрген ресейлік релоканттарды маусымдық мақта теруге жіберу идеясы да жаман емес» деп Мироновты түйреп өтті.

 

Соңғы уақытта Мәскеу мен Ташкенттің арасы ушығып, дипломатиялық сипаттағы қақтығыстар саны артуда. Қыркүйек айында Ташкенттегі мектептердің бірінде орыс тілі сабағында мұғалім алтыншы сынып оқушысына қол көтеріп, арты Ресей-Өзбекстан дауына ұласқан болатын.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар