28-қазанның түнінде Украина әскері Ресейдің спирт шығаратын зауыттарына кезекті мәрте шабуыл жасады. Шабуыл Воронеж аймағындағы екі өндіріс кешеніне жасалған. Бұл туралы ақпаратты аймақ губернаторы Александр Гусев растады.
Украин дрондарының бірі Аннин спирт зауытына жасалған. Шабуылдан зауыт ғимаратына зақым келіп, зауыт маңындағы көліктер отқа оранған. Губернатор Гусевтің сөзінше зауыт маңындағы көлік тұрағына дрон түсіп, өрт шыққан. Әлеуметтік желіде шабуылдың көріністері бейнеленген видеолар тарауда.
Дрондардың екінші нысанасы Новохоперск ауданындағы «Этанол-Спирт» зауыты болған. Шабуылдан зауыттың спирт өндіру бөлімінде өрт шыққан.
Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпаратынша Ресей түнгі шабуылда 21 дронды қағып түсірген. Қандай да бір нысанға зақым келмеген. Алайда желідегі жазбалар мен жарияланған бейнелер Ресей қорғаныс министрлігінің бұл ақпаратын жоққа шығаруда.
Апта бұрын Украинаның дрондары Ресей жеріндегі үш спирт шығару зауытына шабуыл жасады. Оның ішінде Тула облысындағы екі зауыт пен Тамбов аймағындағы бір зауыт бар. Шабуылдың бірі Ресейдегі ең ірі спирт өндіру кешені саналатын «Зернопродукт» ЖШС-не жасалған.
Сарапшылар Украина әскерінің ресейлік спирт өндіру кешендеріне шабуыл жасауын «әскери стратегия» деп атауда. Ресей билігі спирт зауыттарында зымыранға арналған жанармай, авиацияға арналған сұйықтықтар мен әскери мақсаттағы өнімдерді әзірлеуі мүмкін дейді олар.
Mezgil.kz