Le Monde: Путиннің әр басқан қадамы аңдулы...

Францияның Le Monde басылымының журналистері Владимир Путиннің қауіпсіздігі мен күзетіне жауап беретін Федералды күзет қызметінің алты күзетшісінің жүріп-тұру бағытын ұзақ уақыт бойы бақылап отырған. Оны журналистер Strava спорттық қосымшасы арқылы іске асырған. Аталмыш қосымша арқылы спорттық жаттығуларды жасауға, спорттық режимді нақтылауға болады. Сонымен бірге қосымша спортшының жаттығу жасаған елді-мекенін көрсетіп тұрады.


Путин следит за ходом следствия по делу об убийстве Немцова - Газета.Ru |  Новости

 

Қазіргі сәтте әлем бойынша Strava спорттық қосымшасын 125 млннан астам адам қолданады. Қосымшаны көбіне велоспортшылар мен жеңіл атлеттер жиі қолданып, арнайы қауымдастықтарда өз нәтижелерімен бөлісіп отырады.

 

Федералды күзет қызметінің күзетшілері 2023 жылдың қыркүйегінде Strava қосымшасындағы аккаунттарында Благовещенск маңында жүгіргендері туралы ақпаратпен бөліскен. Дәл сол кезеңде Путин мен Ким Чен Ын аталған аймақта кездесу ұйымдастырған болатын. Бұл кездесудің мән-жайы құпия сақталды. Ресей басшысы мен КХДР басшысы Благовещенскке жақын маңдағы Восточный ғарыш айлағында кездесу өткізді.

 

Путиннің жеке күзетшілері 2019 жылы Геленжік маңындағы Путинге тиесілі деген сарайдың маңында жүгірген маршрутын бөліскен. Аталған сарай туралы кейін Алексей Навальныйдың зерттеуі жарияланып, оның Путинге тиесілі екені анықталды. Сарапшылар Путиннің күзетшілері жаттығу өткізген аймақтарда Путиннің өзі де болу ықтималдылығы өте жоғары дейді.

 

Федералды күзет қызметінің күзетшілері 2021 жылдың 4-ші тамызында Ладога көлінің маңында жаттығумен айналысқан. Жаттығу маршруты көл маңындағы тас жолда басталып, белгісіз қойманың маңында аяқталған. Дәл сол күндері Ресей басшысы Путиннің аталған аймақта болғаны жайлы БАҚ жазған болатын. Зерттеушілер Карелия маңында Путиннің бейресми саяжайы барын айтуда. Бұл Федералды күзет қызметінің күзетшілері жаттығу жасаған аймақпен тұспа-тұс келеді.

 

Le Monde журналистері Франция мен АҚШ басшыларын күзеткен күзетшілердің де Strava қосымшасын қолданатынын анықтады. Оның ішінде Макрон мен Байденді күзететін күзетшілер де бар болып шықты. 


Бұған дейін АҚШ-тағы PlanetRisk жеке компаниясы Locomotive технологиясы арқылы Ресей басшысының жүріп-тұру мекенін бақылағаны белгілі болды. Бақылауды Путиннің жақындарының ұялы телефондары арқылы іске асыруға тырысқан.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар