Трамптың Путинге қоңырау шалуы: Песков не дейді?

АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп Украина соғысында айтарлықтай бетбұрыс жасауы мүмкін деп санайды Ресей билігі. Бұл туралы Ресей президентінің Баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.


Песков: Если Трамп позвонит Путину, то он ответит. Пока США — это враг —  EADaily, 6 ноября 2024 — Новости политики, Новости России

(Сурет eadaily.com сайтынан алынды)

 

Песков Трамптың сайлау науқанында әлемдегі түрлі қақтығыстарды бейбіт реттеуге қатысты ұсыныстары болғанын айтты. Песков «Ресей билігі айтылған сөзге емес, іске асырылатын шынайы әрекеттерге назар аударады» деп мәлімдеді. «Иа, Трамптың мәлімдемелері өте маңызды. Алайда кейде таққа отырған сәтте айтылған сөздер басқа мағынаға айналуы мүмкін», - дейді Песков.

 

Песковтың пікірінше АҚШ Ресейге қарсылас мемлекеттің позициясында тұр. «Вашингтон Украинадағы соғысқа қатысушы тараптардың бірі және Киев режимін қолдаушы саналады» дейді Ресей президентінің Баспасөз хатшысы.

 

Песков АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың Путинге қоңырау шалу идеясына қатысты да айтты. «Бұны бізден сұраған жөн болмас. Мен тағы да қайталағым келеді. Президент Путин келіссөздерге ашық екенін сан мәрте айтты. Бұл біздің позициямыз. Ал қалғандарына қатысты келетін болсақ, нақты әрекетті күтейік», - дейді ол.

 

Песков Ресей президенті Путиннің Трампты құттықтамайтынын меңзеді. «Мен президенттің Трампты жеңісімен құттықтауға қатысты жоспарының бар-жоғын білмеймін. Әңгіме бізге қарсы әрекет етіп жатқан елге қатысты болып отырғанын ұмытпайық», - дейді ол.

 

Трамп ресми қызметіне кіріспей тұрып Украинадағы соғысты тоқтата алатынын сан мәрте қайталады. Ол тіпті «24 сағаттың ішінде соғысты тоқтатамын» деген болатын. Алайда сарапшылар Трамптың сөзі іске асатынына күмәнмен қарайды.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар