30 есе азайған қаражат: Сарбаздың құны қанша тұрады?

Ресей президенті Владимир Путин соғыста жарақат алғандарға төленетін төлемді реттестіруге қатысты құжатқа қол қойды. Жаңа құжат бойынша жаралыларға төленетін төлем бірнеше есе азайған. Ұрыс барысында жараланған сарбаздарға берілетін бір реттік төлемге қатысты құжатты Ресей Үкіметі де мақұлдады.


Более половины признанных инвалидами бойцов СВО перенесли ампутацию

 

«Арнайы әскери операция барысында алған жарақаттарға байланысты бір реттік төлем ендігі таңда жарақаттың деңгейіне байланысты беріледі», - дейді Министрлер кабинеті.

 

Ендігі таңда соғыста алған жарақатқа байланысты төлем 100 мың рубльден бастап 3 млн рубльге дейін беріледі. Бұған дейін жарақаттың деңгейіне қарамастан жараланған сарбаздардың барлығы дерлік 3 млн рубль көлемінде бір реттік өтемақы алып келген еді. Ендігі таңда төлем үш деңгейде, 3 млн рубль, 1 млн рубль және 100 мың рубль негізінде төленеді.

 

3 млн рубль ауыр жарақат алғандарға беріледі. Қаражат І дәрежелі жарақат алғандарға аударылады. Кеуде тұсының жарақаты, қандай да бір дене мүшесіне ампутация жасауға әкелген жарақат, қабырғаның бірнеше тұстан сынуы, бас сүйектің ауыр жарақаты, жұлын немесе омыртқа жарақатын алғандарға ең жоғары төлем берілмек.

 

1 млн рубль II дәрежелі жарақат алғандарға беріледі. Ми шайқалу, сіңір үзілу, есту органдарының жарақат алуы, қауіпті емес оқ жарақатын алғандар 1 млн рубль өтемақы алуы мүмкін. Ал қалған жеңіл жарақат деп танылғандарға 100 мың рубль берілмек.

 

Ресей билігі «жарақат бойынша төлем жасауды дифференциациялаудың мақсаты әділетті төлем жүйесін қалыптастыру» деп түсіндіруде. Алайда сарапшылар бұл пікірмен келіспейтінін айтуда. Тәуелсіз тілшілер төлем жүйесін өзгертуге қатысты ұсынысты ел билігінің әскерилермен талқылау жүргізбестен бекіткенін мәлімдеді. Осылайша ұрыс даласындағы сарбаздардың ой-пікірі мүлде ескерілмеген.

 

Ресейлік әскери сарапшылар телеграм арналарда өзінің наразылықтарын білдіруде. Олар билік қаржыны кей жарақат үшін 30 есе азайту арқылы, сарбаздарға берілетін аз ғана қаржының өзін түкке тұрғысыз етіп тастағанын жазуда. Ал енді бір бөлігі «жарақатын ауыр деп жаздыру үшін нағыз парақорлықтың етек жаятын сәтіне куә боламыз» дейді. Ресейлік әскери сарапшылар бірнеше мәрте жараланған сарбаздарға бөлінетін қаржыны көбейтуді сұраған болатын. Ел билігі керісінше бірнеше есе азайтып отыр. Мамандар қаржыны азайту бюджеттің тапшылығымен байланысты болуын айтуда. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар