Иран ресейлік әуе қорғаныс жүйелеріне сенім артпай, өзінің әуе қорғаныс жүйесін дамытуға басымдық беру керек дейді Ислам революциясының сақшылар корпусы өкілі Неджид Нафа. Наджид Нафаның пікірінше С-400 кешеніне қарағанда Иранның өзіндік әуе қорғаныс кешендері әлдеқайда жетілген және тиімді.
Ислам революциясының сақшылар корпусы Әуе-ғарыш күштері операцияларының төраға орынбасары Давуд Шейхиан ресейлік С-400 кешеніне қатысты пікір білдіріп, «Біздің қазіргі отандық әуе қорғаныс кешендеріміз С-400 кешенінен әлдеқайда жетілдірілген» деген ой айтты. Ол Иранда С-300 кешендерінің саны жеткілікті екенін айтып, С-400 кешенін көптеп алуға негіз жоқ деген ойда.
The New York Times басылымы тамыз айында Тегеранның Мәскеуден С-400 кешенін сұрағанын жазды. Тегеран Израильмен болуы ықтимал соғысты ескере отырып, әуе қорғаныс жүйесін күшейтуді ойлаған. Иран билігі өзінің өтінішін Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгудың Иранға сапары барысында айтқан.
Батыстық басылымдар 26-қазанда Израильдің Иранға соққысы барысында Израиль зымырандарын Иранның қағып түсіре алмағанын жазды. Ал WP басылымы Иран билігі әуе қорғаныс жүйесінің осал болуы ресейлік кешендердің тиімсіздігімен байланыстыратынын жазған болатын. Мақалада Израиль Иранның 12 дана әуе қорғаныс кешенінің ату жүйесін, ядролық қару ұшырауға мүмкіндік беретін зымыран жасау орталығын және бірнеше әскери базаны жойғанын мәлімдеді.
The Wall Street Journal басылымы шабуыл барысында ресейлік С-300 кешенінің үш данасы жойылғанын айтты. Ашық дереккөздер Иранда 4 дана толыққанды С-300 кешені бар дейді. Сарапшылар Иран тарапының Ресейден әуе қорғаныс кешендерінің шабуылды тойтара алмауының себебін сұрағанын жазуда.
Mezgil.kz