Ауқымды диверсия: Еуропаның суасты кабельдерін кім үзуде?

 

Балтық теңізінде Литва мен Швецияны жалғап жатқан суасты кабелі үзілді. Кабельдің үзілгені 17-қараша күні анықталған. Кабельдің үзілуіне қатысты күдікті алғаш болып Литваның Telia байланыс операторының директоры Андрюс Шемешкявичус LRT эфирінде айтты. Ол елдегі байланыс жылдамдығының күрт нашарлап кеткенін мәлімдеді. Трафик бірден 30 пайызға азайған.


Подводный кабель связи между Финляндией и Германией порван. И между Литвой  и Швецией

 

Ол эфир барысында интернет-трафиктің түсіп кетуі техникалық ақауға байланысты емес, қандай да бір құрылымды сырттан бүлдіруге байланысты болуы мүмкін екенін айтты. Ол кабельдің ескі екенін және осыған дейін де жұмысы бірнеше мәрте тоқтағанын айтты. Әдетте кабель теңіз жағалауына жақын маңда үзілетін, өйткені кемелер жағалауға жақындаған сәтте немесе якорь тастағанда кабельге тиіп кететін сәттер болған. Алайда бұл жолы кабель теңіз жағалауынан алыс қашықтықта, ашық теңізде үзілді.

 

18-қараша күні Финляндия мен Германияны жалғап жатқан суасты кабелі де үзілді. Кабельдің істен шыққанын 18-қараша күні, таңғы сағат 04:20-да байланыстың күрт нашарлауына байланысты мамандар анықтады. Бұл Скандинавия мен Еуропаның негізгі бөлігін жалғап жатқан басты кабельдің бірі саналады.

 

Германия мен Финляндия кабельдің үзілуіне байланысты арнайы тексерісті бастап та кетті. Сарапшылар кабельдің үзілуі оқыс оқиға емес, ойластырылған диверсиялық операция болуы мүмкін дейді. Екі елдің СІМ басшылары гибридтік соғыстың көріністері бар-жоғын анықтап жатқанын айтты.

 

C-Lion1 кабелі секундына 144 терабайт өткізу қабілетіне ие. Ол Финляндияның Сантахамина аралынан бастау алып, Германияның Ростогына дейінгі аралықта созылып жатыр. Кабель 2016 жылы іске қосылған еді. Ұзындығы 1173 шақырымды құрайды. Кабель ресейлік «Солтүстік ағын» газ құбырының бойын бойлай өтеді. Дәл осы газ құбыры диверсия әсерінен 2022 жылы жарылған болатын. Қазіргі таңда кабельдің үзілуіне байланысты Германия мен Финляндия арасындағы байланыс 75 пайызға түсіп кеткен.

 

Қыркүйек айында АҚШ-тың барлау қызметі Ресей тарапынан Еуропадағы интернет жүйелері мен кабельдеріне шабуыл жасалуы мүмкін екенін айтқан еді. Вашингтон Ресейдің арнайы жасақтары НАТО-ның маңызды инфрақұрылымдарын істен шығаруға тырысады деп санайды.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар