Құнсызданған рубль: 50 банкке санкция салынды

АҚШ Ресейге жаңа санкциялар салды. Қаржылық секторға салынған санкциялар ресейлік компаниялардың тікелей төлем жасауын қиындатады. Төлемнің түсу уақытын ұзартып, тауардың және қызметтің қымбаттауына әкеледі. Бұл ресейлік компаниялар үшін қосымша соққы болмақ.


Как долго будет падать рубль - Ведомости

 

Қазіргі таңда Ресейден тікелей төлем жасаудың үлесі 20-25%-ды құрайды. Алайда жаңа санкциялар бұл үлесті тағы да азайтып, бірнеше пайызға дейін түсіріп жіберуі мүмкін. Қаржы саласының сарапшылары 5-10%-ға дейін түсетінін айтуда.

 

АҚШ-тың жаңа санкциялары Ресейдің 50 банкісіне шектеулер қояды. Алғаш рет «Газпромбанк» санкцияға ілікті. «БКС банк», «Дом.рф», «Форабанк», «Гарант-инвест», «Держава», «Синара» және басқа банктер де санкциялық тізімнен табылды. Сарапшылар аталған банктер Түркия, Үндістан және Қытаймен сауда жасауда, қаржы айналымын іске асыруда маңызды екенін айтты. Алайда ендігі таңда Анкара, Дели және Бейжің жанама санкцияға ұшырамау үшін санкциядағы ресейлік банктермен жұмыс істеуден қашқақтауы мүмкін.

 

Банк менеджерлері тұтынушыларын дереу арада жаңа есепшоттар ашуға және қаржыны үшінші компания арқылы аударуға кеңес беруде.

 

Мамандар жаңа санкциялар Ресейдің тынысын тарылтып, қаржылық маневріне шектеу қойғанын айтуда. Санкциядан кейін доллар бағамы күрт өсіп, рубльге шаққанда 103-ке жетті. Ресейде дәл осындай көрсеткіш соңғы рет 2022 жылдың, 23-наурызында болған. Ресейлік сарапшылар рубльдің құнсыздануын интервенция арқылы ұстап тұру саясатын доғарып, еркін айналымға жіберуді ұсынуда. Ал Ресейдің Орталық банкі базалық мөлшерлемені желтоқсан айында тағы көтеруге мәжбүр болатынын мәлімдеді.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар