(Суреттер: wikipedia.org сайтынан алынды)
РЕСЕЙ АВИЦИЯСЫНЫҢ ҚЫЛ ҮСТІНДЕГІ ТАҒДЫРЫ
Әуелі ақпараттан бастайық: Ресейдің «Азимут» дейтін әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Түркияның Анталия қаласының әуежайына қонар-қонбастан тұтанып жанды. Ұшақ әуежайға қонып үлгерген. Ішінде 79 жолаушы болған. Жолаушылар дін-аман. Өрт те жылдам сөндірілген.
Анталия әуежайы болған жайға қатысты хабарламасында: «Өрт ресейлік «Azimuth Airlines» авиакомпаниясына тиесілі ұшақтың қозғалтқышында пайда болған. Өрт жылдам сөндірілді. Ұшақта 79 жолаушы болған. Ешкімге ештеңе болған жоқ. Барлығы аман-есен. Ұшақ Сочиден ұшып келген. Ауа-райының нашарлауы ұшақтың қонуын қиындатқан», - деді (әуежайдың орынбасар бастығы Суат Сейітоғлы).
Өртенген ұшақ – «Sukhoi Superjet 100-95LR» дейтін ұшақ. Алдын-ала қорытынды бойынша, өрт ұшақтың қозғалтқышынан шыққан. Оқиға салдарынан ұшып-қону жолағы жабылып, бірнеше рейс кешіктірілген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
РЕСЕЙ БҰНДАЙ МҮШӘПІРЛІККЕ ҚАЛАЙ ҰШЫРАДЫ?
Украинаға қарсы соғыс басталмай тұрып, Ресейдің әуе компанияларының пайдалануында ұзын-саны 850 ұшақ болған. Ал 2023 жылы Ресейдің азаматтық авиациясының жалпы паркінде 736 ұшақ қалған. Ал 2026 жылға қарай, Ресейде жолаушылар тасымалдайтын ұшақтар саны 2 есеге қысқармақ. Бұл «Oliver Wyman» консалтингтік компаниясының сарапшылары.
2021 жылы Ресейдің әуе компаниялары жиынтығы 111 млн адамға қызмет көрсетсе, 2022 жылдың соңындағы есеп бойынша, 95 млн адамға дейін азайған. Кейінгі жылдары бұл көрсеткіш азайған үстіне азайып отырған.
Бұның барлығына бір себеп. Ол – санкцияның күші.
Енді сәл кері шегініс жасап, Ресей азаматтық авиациясының өткеніне көз жүгіртейік. Тоқсаныншы жылдар. «Ресей – Ұлы держава!» деген ұранды ту еткен Ресейдің саяси билігі саналы-санасыз түрде Ресейдің авиакәсіпорындарын өлтіруге бағытталған қабадм жасады. Ресей 90-шы жылдары өз ұшақтарынан бас тартып, Airbus-пен Boeing-тің ұшақтарын сатып ала бастады. Ресейлік авиакәсіпорындар банкрот болды. Ресей жолаушылар ұшағын шығаратын елден - оны өзгелерден сатып алатын мемлекет деңгейіне дейін құлдырады.
ҚАЗАНДАҒЫ ЗАУЫТ AIRBUS ПЕН BOEING-КЕ БӘСЕКЕЛЕСЕ АЛА МА?
Қайсыбір жылы Ресейдің Өнеркәсіп министрлігі (министр Д.Мантуров): «2030 жылға дейін ресейлік авиапром азаматтық авиацияға мыңнан астам ұшақ жеткізе алады», - деп уәде берді. Бірақ, осы сөз айтылған сәіттен бастап, уәделі мерзім жыл сайын өзгеріп, өзгергенде де ұзаққа созылып келеді.
Ресейдегі құзырлы басшылардың ақталуы да оңай. Бар кінәні мая-мая санкцияларға итере салады. «Санкциялық режимде өмір сүріп жатырмыз. Батыстағы «бәлелер» адымымызды аштырмай отыр», - деп жыларман болған Ресей Үкіметін жылдар бойы соғыс жағдайында, аш-жалаңаш өмір сүруге әбден бейімделген мақұлқұл орыс халқы кешіре салады.
Әйтпесе, 30 жылда өздері өлтірген авиапромды президент Путиннің амбициясы жолында барын құрбандыққа шалуға ниетті Ресей 5-6 жылда қайта тірілте ала ма? 2030 жылға қарай «Boeing» және «Airbus-ты» ауыстыруға 500 ресейлік ұшақ жасала қояр ма екен?
Сұрақты бұлай қойғанымыздың себебі: Ресей билігі шетелдік ұшақтарды Ресейдің өз ұшақтарына алмастыруды жоспарлаған. 2024 жылы 20 дана «Sukhoi Superjet» ұшағын, 7 дана «Ту-214» ұшағын, 6 дана «MC-21» лайнерін және 2 дана «Ил-114-300» турбовинттік ұшағын құрастырмақ болған.
Ал нақты істе: 2 дана «Ту-214» және 1 дана «Ил-96-300» ұшақтары құрастырылған. Осыдан кейін өндіріс бағдарламасы қысқартылған. 2025 жылы құрастырылады деген 82 ұшақ 20 ұшаққа дейін азайған.
«АВИАЦИЯЛЫҚ ДЕРЖАВАДАН» – «ТЕМІРЖОЛ ДЕРЖАВАСЫНА» ДЕЙІНГІ ҚҰЛДЫРАУ...
Мысалы, Татарстанның Қазан қаласындағы зауыт ең көп дегенде жылына 2 дана Ту-214 жасай алады. Қауқары сол. Сонда 10 жылда жасап шығаратыны – 18-20 ұшақ. Оның үстіне, Қазандағы зауыт қазір негізіген РФ Қорғаныс министрлігінің тапсырысын орындауда. Тапсырыстағы ұшақтар: Ту-214СУС (байланыс торабы), Ту-214ОН («Ашық аспан» бағдарламасы бойынша) немесе Ту-214СР ретрансляторы.
Ресейдің Украинаға қарсы соғыс ашуы – Ресейдегі азаматтық авиацияның қаншалықты тәуелді екенін әшкерелеп берді. Соғыс басталғаннан соң санкциялар салынып, Ресейдің лизингіндегі 70-тен астам ұшақ шетелдердегі әуежайларда тұтқындалып, лизинг берушілерге қайтарылды. Осыдан кейін шарасы таусылған Ресей Үкіметі халықаралық авиациялық ережелерді бұза бастады. Себебі – аумағы жағынан әлемдегі ең үлкен ел бір сәтте «ұлы авиациялық державадан» «ұлы темір жол державасына» айнала алмады.
Батыс ұшақтары шұғыл түрде Ресейде қайта тіркеліп, оларға ұшу жарамдылығының ұлттық сертификаттары берілді. Ресей осындай мүсәпір күйге мәжбүрлі түрде түсті. Ресейдің азаматтық авиациясына жауапты басшы-қосшылар лизинг берушілермен едел-жедел байланыс орнатып, тізерлеген күйде, соғыс пен қақтығыс жағдайында өзара тиімді шешім сұрап жалынғандай болды. Және, белгілі бір деңгейде тиімді келісімдерге қол жеткізе алды. Ресейдегі шетелдік авиапарктің үштен біріне жуығы ресми түрде шетелдік тіркеуден шығарылды.
ҚАП-ҚАП САНКЦИЯ ҚЫСПАҚҚА ТҮСІРДІ
Ресейдегі авиакәсіпорынның құлдырауына тағы бір себеп – Ресейге дос дейтін елдер де күтпеген жерден iFly үшін өз аспанын жауып тастады. Ал мұның себебі – әуе кемелерінде Лондон авиациялық сақтандыруының жоқтығы. Британдық сақтандырушылар ресейлік авиакомпанияларда пайдаланылатын кемелерді сақтандырудан бас тартты.
Тағы бір себебі – ICAO (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ағыл. International Civil Aviation Organization). Ресей оның мүшесі. Тіпті, осы ICAO-да орыс тілі ұйымның ресми тілдерінің бірі деп жарияланған.
Бірақ, Украинаға қарсы соғыс бастаған Ресей 2023 жылы алғаш рет ICAO Кеңесіне сайланбады. ICAO 2023 жылғы соңғы сессиясында Ресейге шүйлікті. Әуе кемелерін екі рет тіркеуге қатысты ескерту жасап, ұшу қауіпсіздігіне қатысты «қызыл жалаушалар» қойды.
Онан соң, өндіруші елдер Ресейдегі ұшақтарды жөндеп-жарату үшін қажетті қосалқы бөлшектерді бермейтін болды. Мұның салдары орасан зор тиді.
Ресейлік әуе компаниялары АҚШ және Франция өндірісінің қозғалтқыштарындағы (Pratt & Whitney (P&W) және Leap қозғалтқыштары) проблемаларға байланысты 66 дана «Airbus A320neo» және «A321neo» ұшақтарының 34-ін тоқтатып, қораға қойды.
Санкция мұнымен шектелген жоқ. Ұлыбритания, АҚШ, ЕО және басқа да елдер 2022 жылдың көктемінде ресейлік авиакомпаниялардың ұшуына шектеу қойды. Еуроодақ Ресейге авиация және ғарыш секторларында пайдаланылатын тауарлар мен технологияларды экспорттауға тыйым салды.
«АВИАЦИЯЛЫҚ КАННИБАЛИЗМ» ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛАҚАН ЖАЮ
Санкциялар күшіне енгеннен соң, Ресейде технологиялық каннибализм басталды. Қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігі күшейді де, ұшақтарды бөлшектеу басталды. Бірақ бұл да шоғырланған проблемаларды ұзақ уақыт шеше алмайтыны түсінікті.
Ақыры, Ресей көршілерге, одақтастар мен «дұшпан емес» елдерге алақан жая бастады. Алақан жаю Қазақстаннан басталды.
Ресейдің Көлік министрі Қазақстанға ресми түрде сұрау салып, жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуге көмек көрсетуді өтінді. Әңгіме каботаждық тасымалдар туралы болып отыр. Каботаждық тасымалдар – шетелдік авиакомпанияға басқа елдің ішінде рейстерді орындауға мүмкіндік береді. Ресейде бұрын мұндай құқыққа тек жергілікті авиакомпаниялар ғана ие болған.
Ресей билігі Украинамен соғыс басталғалы-бері дөге-дөге санкциялардың астында қалған азаматтық авиацияны қолдау үшін 1 трлн рубль немесе 12 млрд доллар бөлген бірақ, бұл шаралардың бірде-бірі кері кеткен Ресей авиациясының тағдырын бір арнаға түсіре алған жоқ...
Mezgil.kz