Қазақстан «өзін-өзі қорғау жасақтарын» құруға және мұнай экспортын Ресейден айналып өтетін бағытта ұлғайтуға ниетті! Бүгін Mezgil.kz оқырмандарының талқысына қосар тақырып ұсынбақпыз. Қараңыз:
(Коллаж: Mezgil.kz / Суреттер: inbusiness.kz, central.asia-news.com және asia24.media сайттарынан алынды.)
Біріншісі: Қазақстан Ресей аумағы арқылы өтетін мұнай экспортын 80%-дан астамға қысқарту жоспарлануда.
Екіншісі: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскерилерге елдің аумақтық қорғанысын күшейтуді тапсырды (Еске сала кетейік, сәрсенбі күні Астанада ҰҚШҰ саммиті өтеді).
Енді осы екі маңызды ақпаратты тарқатып жазайық:
Қазақстан Президенті әкімшілігінің мәлімдемесінде елдің Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа «отандық қорғаныс кәсіпорындарымен ынтымақтастықты жандандыру, аумақтық қорғанысты және арнайы операциялар күштерін дамыту» тапсырылғаны айтылған.
Өткен аптада Тоқаев әскери және азаматтық инфрақұрылымның негізгі нысандарын қорғауды күшейтуді тапсырды. Қазіргі уақытта Қазақстан Парламенті (Мәжіліс) «өзін-өзі қорғау жасақтарын» құруға мүмкіндік беретін заң жобасын талқылауда. Бұл ерікті құрылымдар елдің Қарулы күштеріне интеграцияланып, жауынгерлік міндеттерді атқара алады.
Сонымен қатар, Қазақстан Ресейден айналып өтіп, мұнай экспортын айтарлықтай ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қазір біздің ел мұны Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры (Түркия арқылы) арқылы жеткізуді жолға қоюда. Бұл туралы Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев дүйсенбі күні заң шығарушылар алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Осы бағыт бойынша экспорт жылына 20 миллион тоннаға дейін өсуі мүмкін (қазіргі көлемі – 1,5 миллион тонна).
Биыл Қазақстан 68,8 млн тонна мұнай экспорттайды. Оның 55 млн тоннадан астамы «Каспий құбыр консорциумы» (КҚК) мұнай құбыры арқылы Новороссийскке жеткізіледі. Сонымен қатар, 8,6 млн тонна Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы Ресей аумағы арқылы экспортталады. Жаңа маршрут Ресей арқылы тасымалды 80%-дан астамға қысқартуға мүмкіндік береді.
«Бұл бағытта қазақстандық тарап пен әзербайжандық әріптестер арасында тасымал көлемін дамыту мен біртіндеп арттыруға қызығушылық бар», – деп түсіндірді Сәтқалиев.
Mezgil.kz