Өзге түркі елдеріне, оның ішінде «Құдайдың сыйы» мұнаймен экономикасын алға бастырып отырған түркімен мен әзербайжанның ұлттық ақшаларының долларға шаққандағы бағамына қарасаң(1 USD = 3.5000 TMT және 1 USD = 1.7000 AZN) жігерің құм болатыны рас.
(Суреттер: ulysmedia.kz, time.kz және uralskweek.kz сайттарынан алынды)
Кешелі-бері қазақ теңгесі айтарлықтай әлсіреп, АҚШ доллары шарықтап бара жатыр. Ұлттық банк алаңдауға негіз жоқ дегенімен, бүгін базалық мөлшерлеме өсті. Ұлттық банк бүгін базалық мөлшерлемені 15,25%-ға жеткізді.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгінгі брифингте ағымдағы ахуал жайлы пікір білдіріп: «Әрине, мен мүдделі адаммын. Қазір доллар 500-ден асып, 507, 510 болды. Мен айтқандай, бұл екі пайыздық өсім. Бірақ 500 психологиялық белгі - мұны мойындаймын. Мен бағам 500 болған Ұлттық банктің төрағасымын.
Сіздер де мені түсінулеріңіз керек, бұл ең жағымды жағдай емес. Бірақ, тұтынушы ретінде, қазақстандық ретінде және жай ғана макроэкономист ретінде мен әзірге доллар бағамының өсуі айтарлықтай әсер еткен жоқ деп айтамын. Егер ол тым биікке ұшып кеткен болса, онда біз баға белгілерінің шұғыл түрде өзгеретінін көреміз. Қазір - 2-2,5% шегінде. Бәлкім, бұл жаңа тепе-теңдік, онымен өмір сүру керек шығар. Бірақ аса қорқынышты оқиға болған жоқ деп ойлаймын», - деп мәлімдеді.
Ұлттық банк басшысы қазан айында инфляция жеделдегенін айтып өтті.
Оған қатысты болжам да тұрақсыз болып тұр. Инфляцияға сыртқы факторлардан: әлемдік нарықта азық-түлік бағасының қымбаттауы және Ресейдегі инфляция мен рубль бағамының құбылуы әсер еткен. Ал ішкі факторларға ҰБ төрағасы тұрғын-үй коммуналдық саладағы реформалар, ұсыныстан асып түскен ішкі тұтыну сұранысы, теңгенің құнсыздануы мен жоғары инфляциялық күтулерді атады.
Сарапшылар соңғы апталардағы теңге бағамының күрт құлдырауын «девальвация деп атауға болмайды, себебі девальвация валютаның белгіленген бағамы кезінде ғана мүмкін болатынын» айтады.
«Құбылмалы бағам мен теңгенің әлсіреуі – бұл сыртқы факторлардың өзгеруіне байланысты әлсіреу. Елімізге «қарақу ұшып келді». Онан соң санкциялан енгізілді. 21 қарашада АҚШ еуропалық елдермен газ үшін есеп айырысатын «Газпромбанкке» қарсы санкциялар енгізді де, нәтижесінде рубль әлсіреді. Ресей - біздің негізгі сауда серіктесіміз, біздің валюталарымыз экономикалық байланыста. Бізде ол жақтан тауарлар көп, сондықтан біз рубльден кейін әлсірей бастадық», - дейді сарапшылар.
Экономистер: «Шындығында, бұл біздің Қаржы министрлігіне тиімді, себебі әлсіз теңге бюджеттің жыртығын жамауға мүмкіндік береді. Себебі біздің негізгі тауарымыз - мұнай және біз оны валютамен сатамыз. Кірісті де валютамен аламыз, теңге неғұрлым әлсіз болса, біз мұнайды сату арқылы теңгені соғұрлым көп айырбастаймыз», - дейді.
Mezgil.kz