Бәріміз білеміз, белгілі бір мөлшерде егемендігін құрбандыққа шалған Еуроодақ елдері ақыры бірігіп тынды. Біріккендер тілдік, діндік және нәсілдік жақтан әр түрлі этникалық топтан шыққан мемлекеттер болып табылады.
(Суреттер: casp-geo.ru, inform.kz және asia24.media сайттарынан алынды)
Тап осындай идея тек тілдік және қандық бірлікке негізделген – «Пантюркизм идеологиясын» жаңаша көзқараспен қабылдауға мәжбүр етті. Еске сала кетейік, Түркі халықтарын ортақ тіл, мәдениет және тарих негізінде біріктіру идеясы ХХ ғасырдың бірінші жартысында пайда болған болатын.
Бірақ біз басқа тарихи дәуірде өмір сүріп жатырмыз, демек ескі принциптер қазіргі заманға сай келмейді. Себебі қазір ұтқырлық – білім, теңдік, экология, ынтымақтастыққа ашықтық құндылығына ие болуда. Бұл талаптардың «Пантүркизм идеясына» қаншалықты сәйкес келетіні – үлкен сұраққа айналып әр Түркі елі өзінше жауап бере бастады.
Ендігі жерде бұл идея «Түркі әлемі» деген тұтас концепцияға айналып, әр туыстас елдердің билігі мен бұқарасының басын біріктірді. Бұл концепцияны – Ресей бізді қанша жерден «Орыс тілді Орталық Азия Республикасы» деп ат қойып, айдар тағып жатса да, бүкіл ел қолдады.
«Қазақстан Түркітілдес мемлекеттер ұйымын одан әрі дамытуға мүдделі», - деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев таяудағы саммитте. Қазақстан президентінің пікірінше, бірлестікке қатысушы елдердің ортақ мақсаты – Түркі халықтарының арасындағы ынтымақтастықты тереңдету болып табылады.
Еліміздегі ресейшіл пиғылдағыларды: «Әлеуметтік желілердің отандық сегменті осы тақырыптағы сауалнамалар мен қызу пікірталастарға толы. Кейде бұл идеяны жақтаушылар оның қарсыластарына қарағанда әлдеқайда көп деген сезім қалыптасады»,- деп жағаларын ұстауға дейін жеткізді.
Өкінішке орай, ХХІ ғасырдағы Пантүркизм туралы, оның не үшін қажет екендігі, оның миссиясы мен маңызы туралы әлі де ешқандай зияткерлік пікірталас жоқ.
Иә, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы наурызда «Түркі өркениетін жаңғырту» туралы айтып, қазақ қоғамына терең ой сала білді.
Өз кезегінде Пантүркизмді жақтаушылар көбінесе талдау жасап, салыстыру жүргізуден көбіне алыс жүреді. Олар, керісінше, жүз жыл бұрын қалыптасқан идеяның іргетасы «жаңашыл өзгерістер» енгізуді қажет етпейді деп санайды. Бірақ жүз жыл бұрын бұл идея болып қала берсе, енді ауқымды концепцияға айналған сәтте мәселеге басқа қырынан қарауды еш ескермейді.
Түйін: Соңғы жылдары Еуропалық одаққа шақырту алған үш мемлекеттің жағдайы жаһан жұртын алаңдатып отырғаны белгілі. Оның біріншісі – Украина. Қазір қанқасап соғысты бастап кешіруде. Территориялары оккупацияланған. Десе де, Еуроинтеграция бағытынан айнымайтынын анық білдіруде.
Ал Молдова жуырда ғана президенттік сайлау өткізді. Сайлаумен қатар «Еуроинтеграцияны бастау» туралы референдум өткізді. Молдова ЕО-ға даулы территорияларсыз (Приднестровье) кірі беретінін ресми мәлімдеді.
ЕО-ға ресми шақырту алған Грузия билігі жуырдағы парламенттік сайлаудан соң, Еуропаға қош айтты. «Еуроинтеграциялық келіссөздерді» 2028 жылға дейін тоқтата тұруға шешім қабылдады.
Ал Қазақстан ше? Еуропадан географиялық тұрғыдан шалғайда орналасқан Қазақстанның саяси кеңістігінде Еуропамен интеграциялану туралы жиі айтыла бермейді. Десе де Еуропалық елдермен, ЕО-мен ынтымақтастық байланыстар жолға қойылған. Қазқастан мен ЕО-ның саяси әріптестігі өз алдына, ЕО елдірімен сауда-саттығы да көпкөрім. Қазақстан ЕО нарығына шикізат және өзге де тауар түрлерін экспорттайды.
Сарапшылар: «Қазақстанды Еуропаға алып шығар жол – ол Түркі бірлігі», - деп есептейді. Бұлай деп топшылауға басты себеп: Қазақстанның экспортта «Орта дәлізге» ықпал қойып отырғаны.
Қазақстан мұнай экспорттау стратегиясын қайта қарап жатыр: Ресей аумағы арқылы жеткізуді ұлғайтудың орнына, ел Баку - Тбилиси - Джейхан (БТД) құбыры арқылы тасымалдауды арттыруды жоспарлап отыр.
Finimize порталының хабарлауынша, ҚР Энергетика министрлігі экспорттық жеткізілімдер логистикасын қайта қарауда, бұл нарық жағдайына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Баку - Тбилиси - Джейхан (БТД) құбыры арқылы мұнай тасымалдау көлемін 13 еседен астам ұлғайту жоспарланып отыр - жылына 1,5 миллион тоннадан бірден 20 миллион тоннаға дейін.
Мұндай шешімнің басты мақсаты - қазақстандық мұнайды тасымалдауда Ресейге тәуелділікті азайту.
Mezgil.kz