Тәркіленген танкер, тарылған тыныс: Санкция күшейе түсті. Мәскеу алаңдаулы!

Батыс елдерінің Ресейге салған санкциясының әсері күшеюде. Мәскеу Украинаға басып кіргені үшін Ресейдің экономикасы түрлі санкцияға ұшырады, соның ішінде мұнай және газ саласы орасан соққы алды. Ресей мұнай тасымалдауда қиыншылыққа тап болып, көлеңкелі танкерлер флотын құруға мәжбүр болды. Алайда Ұлыбритания бастаған Еуропадағы елдер Ресейдің көлеңкелі флотына да санкцияларды күшейтті.  


Нарушение санкций против россии – восемь лет работа Минюста США проводилась  не очень активно » Слово и Дело

 

Қазіргі сәтте Батыс елдері Ресейдің мұнайын құпия және жасырын тасыған, өзге елде тіркеліп, өзге мемлекеттің туымен ресейлік мұнайды мұхитқа шығарып, порттарға жеткізген танкерлерді тәркілеуді күшейткен.

 

Өткен аптада Үндістанның Мундра портында Unity танкері тәркіленді. Ол Ресейдегі Argo Tanker Group компаниясына тиесілі болып шықты. Танкерде 109 мың тонна мұнай болған. Танкердің үстінен Guma Tech Marine Services компаниясы шағым түсірген. Компания бұған дейін танкерге қажетті бөлшектер жеткізген, алайда ресейлік компания санкцияға байланысты қаржы төлей алмаған.

 

Панама ресейлік алты танкерді тіркеу келісімін жойды. Панама билігі Ұлыбританияның өткен аптада ресейлік танкерлерге санкция салуды күшейткенінен кейін, осындай шешім қабылдады. Әлемдегі көптеген кемелер мен танкерлер Панама мен Либерияда тіркелген. G7 елдері Панамамен келісім жасап, ресейлік танкерлерді тәркілеу немесе тіркеуін жарамсыз ету шарасына қол жеткізе алды.

 

Панама теңіз басқармасы санкцияға іліккен кемелерге қызмет көрсетпейтінін, Панама үшін халықаралық заңдылық маңызды екенін айтты. 


ЕО елдері Ресейдің көлеңкелі танкеріне санкция салуды күшейте бермек. Қазіргі таңда ЕО елдері Ресейге қарсы санкцияның 15-ші пакетін әзірлеуде. Bloomberg-тың жазуынша бұл жолы санкциялық тізімге ресейлік 48 танкер ілінбек. Аталған танкерлер Ресейдің шикі мұнайын тасымалдаумен айналысады. Бұған дейін Ұлыбритания ресейлік 73 танкерді, АҚШ 39 танкерді қара тізімге қосқан еді. Ал ЕО елдері бар болғаны 19 танкерге санкция салды. Сол себепті де ЕО ресейлік танкерлерге санкцияны күшейтуге ниетті.

 

Сарапшылар Трамптың билікке келуі Ресейдің мұнай-газ саласына салынған санкцияны әлсіретпейтінін айтуда. АҚШ пен ЕО соңғы үш аптада ресейлік 50-ден астам қаржы секторы мен мұнай-газ саласында қызмет көрсететін банктеріне санкция салды. Бұл ресейлік рубльдің күрт құнсыздануына әкелді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар