«Келлогтың жоспары»: Соғыс қалай аяқталады? АҚШ, НАТО мен Түркия не дейді?

Трамптың Украина бойынша арнайы өкілі өзінің «бейбіт жоспарын» дайындап, жариялапты. Жаһан жұрты қазір осы жоспарды ызу-қызу талқылауда...

1733309853763141.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz / Суреттер: president.gov.ua, rbc.ru, euronews.com сайттарынан)

«OSW» зерттеу орталығы Трамптың Украина бойынша арнайы өкілі Келлогтың жоспарын жариялап, саясат әлемін екіге жарды десек те болады.

АҚШ-тың сайланған президенті Доналд Трамп отставкадағы генерал Кит Келлогты Украина бойынша өзінің арнайы өкілі етіп сайлайтынын айтқан. Ол Киевке де, Мәскеуге де қысым көрсетудің тәсілдерін қамтитын Украина дағдарысын реттеу жөніндегі жеке жоспарын әзірледі.

АҚШ қақтығыстың аяқталу жолдарын қалай көреді және Ресейде бұл жоспарды қабылдай ма? Қазіргі әлем саясатшылары талқылап жатқан басты сұрақ осы болып тұр.

1733309294728483.jpg

(Сурет: euronews.com)

Сонымен Келлог не ұсынады?

Келлог 2024 жылдың сәуірінде Трамп әкімшілігінің бұрынғы қызметкерлері құрған «America First Policy Institute» аналитикалық орталығына арналған мақаласында Украинадағы қақтығыс туралы өз көзқарасымен бөліскен. Мақаланың тең авторы - Трамп жанындағы АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесі әкімшілігінің бұрынғы басшысы Фредерик Флетц.

«Келлогтың жоспарынан» үзіп-жұлып ой айтуды қазан айының соңында Шығыс зерттеулер орталығы («OSW») бастады, бірақ ол Трамп Келлогты таңдағаннан кейін ғана талқылана бастады.

* Жоспардың бірінші тармағы - Ресейдің саяси оқшаулануын тоқтату, Мәскеумен дипломатиялық байланыс орнату және РФ президенті Владимир Путинді «демонизациялаудан» бас тартуды қамтиды.

Келлогтың айтуынша, Ресейге де, Украинаға да қысым көрсету арқылы бітімгершілік келіссөздерді бастау керек.

* Келлог Украинаның НАТО-ға мүшелігін ұзақ мерзімге (10 жылға) кейінге қалдыруды, Ресейдің барлық оккупациялаған аумақтарды өзінде сақтап қалуын, санкцияларды ішінара алып тастауды және егер Ресей Украина үшін қолайлы бейбіт келісімге келіссе, оларды толық алып тастау мүмкіндігін ұсынды.

Қысым шаралары ретiнде Украинаға әскери көмектi жалғастыру, оның қорғанысын күшейту және қауiпсiздiктiң ұзақ мерзiмдi кепiлдiктерiн беру көрсетiлген.

* Украина үшін ынталандыру шаралары ретінде Келлог оған аумақтық өзгерістерді мойындамауды (аумақты күштеп қайтару әрекетінен бас тартқан жағдайда), оның егемендігіне қандай да бір шектеулер қоймауды, пайызсыз кредиттер мен қауіпсіздік кепілдіктері нысанында әскери көмек көрсетуді жалғастыруды, сондай-ақ ресейлік энергия көздеріне баж салығын салуды және түскен қаражатты Украинаны қалпына келтіруге бағыттауды ұсынады.

Киевке ықпал ету үшін, Украина келіссөздерден бас тартқан жағдайда, әскери қолдауды тоқтату ұсынылады.

1733309363486909.jpeg

(Сурет: rbc.ru)

Ресей бұған не дейді?

Кремльдің маңайында жүретін Ресейдегі терең қалталы олигарх Константин Малофеев «The Financial Times» газетіне берген сұхбатында: «Путин бұл жоспарға көнбейді. Путин Украинаны толық капитуляциялағысы келеді», - деп пікір білдіріпті.

Оның сөзінше, Путин Ресейдің «қауіпсіздік проблемаларын» ескермесе, бейбіт келіссөздердің кез келген жоспарын қабылдамайды.

Ресей саясаткерлерінің пікірінше, Путиннің келіссөзге келу үшін қойылатын талаптар мыналар:

* Доналд Трамп Киевке Ресей аумағын алыстан көздеп, Батыс қаруын пайдаланып соққы беруге рұқсатты алып тастауы керек;

* Владимир Зеленскийді биліктен шеттету;

* Трамп пен Путин Украина, Еуропалық қауіпсіздік, Таяу Шығыс және Ресейдің Қытаймен одағы бойынша жеке келіссөздер жасауы керек.

1733309417708175.jpeg

(Сурет: president.gov.ua)

НАТО не дейді?

НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте Украинаға Батыстағы одақтастары Киевке ұрыс алаңында табысқа жетуге және келіссөздер жүргізу үшін өз позицияларын нығайтуға жеткілікті әскери көмекті толық көрсетіп болғанға дейін, ешқандай келіссөзге отырмауға кеңес берді.

Рютте одақтастарының Украинаның болашағы НАТО-ға келетіндігі туралы бұрын айтылған мәлімдемелерін қайталады. Ол бұған көпір ретінде Киевтің қауіпсіздік кепілдіктері туралы альянстың кейбір мүше елдерінің екіжақты келісімдерін атады.

Бұған дейін кімдер өз жоспарын ұсынған еді?

1733309493187603.jpg

(Сурет: president.gov.ua)

Түрік тарапының ұсынысына сәйкес:

* АҚШ пен Ресей ешқандай жағдайда ядролық қаруды қолданбайтыны, сондай-ақ болашақта одан біржақты шығу мүмкіндігінсіз, стратегиялық қару-жарақты шектеу туралы шарттың қолданылуын қайта жандандыратыны туралы міндеттеме алуы тиіс.

* Құжатта тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін кез келген тәсілмен басқа елдің ішкі істеріне араласуға тыйым салынады. Бұдан басқа, бүгінде майдан сызығында бар шекаралар бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды тоқтату көзделеді.

* Сонымен қатар, 2040 жылы референдум өткізу ұсынылады: Референдумды Украинаның барлық аумақтарында және Ресейдің оккупациялаған өңірлерінде халықаралық бақылаушылар қадағалайтын болады.

* Анкара сондай-ақ Украинаға 2040 жылға дейін блоктан тыс мәртебеге кепілдік беруді, сондай-ақ тұтқындарды «толық» формуласы бойынша айырбастауды ұсынады.

* Бұл ретте Ресей Украинаның Еуроодаққа кіруіне кедергі келтірмейді.

1733309548935506.jpg

(Сурет: mfa.gov.cn)

Украинадағы соғысты реттеудің «бейбіт жоспарын» Қытай мен Франция да әзірлеп жатқан.

«Bloomberg» басылымы: «Франция президенті Макрон Қытайға Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге әкелуі мүмкін бейбіт жоспарды ұсынуды жоспарлап отыр», - деп жазған еді кезінде. Си Цзиньпин жақында француз көшбасшысын «Бейжің Париждің саяси реттеуге әкелетін кез келген бейбіт жоспарын қолдайтынына» сендірді

1733309608203117.png

(Сурет: aroundprague.cz)

Венгрияның «бейбіт жоспары» қандай?

Мажарстан үш ұсыныс жасады.

Біріншіден, Қытаймен келесі бейбіт конференцияның форматы туралы келісу қажет.

Екіншіден, Украинамен байланысты жалғастыру керек, бірақ сонымен бірге Ресеймен байланыс арналарын жандандыру керек, бұл Кремльмен тікелей диалогты «оңалтуды» талап етеді.

Үшіншіден, Еуропадан «жаһандық Оңтүстік» елдерін өз жағына тарту бойынша үйлестірілген бастама талап етіледі. Өзінің Вашингтонға тәуелділігінен Брюссель өңірде елеулі имидждік шығынға ұшырады.

Түйін: Әзірге АҚШ-тағы «Келлогтың жоспарын» дайын құрал ретінде емес, алдын ала жоба ретінде ғана қабылдау керек. Трамп та, Келлог та 20 қаңтарға дейін Ақ Үйде қызмет атқармайды. Оған дейін оның командасы жасаған мәлімдемелер популизм және жаңа әкімшіліктің алғашқы қадамдарын күтіп отырған сайлаушыларға ұнауға тырысу болып табылады.

Трамп Украинаны қолдау шығындарын қысқартуы мүмкін деп күтіледі. «Келлогтың жоспары» осы талапқа сай келеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар