Өзбек депутаты: Орталық Азия елдері Ресей азаматтарына визалық режим енгізейік!

Өзбекстандағы «Миллий тикланиш» партиясының төрағасы Әлішер Қадыров Өзбекстан мен Орталық Азиядағы өзге елдерді Ресей азаматтарына визалық режим енгізуге шақырды. Аталған партия Өзбекстанның Парламенттік партиясының бірі саналады.


Алишер Кадыров призвал вернуть отцов к воспитанию детей – Новости  Узбекистана – NOVA24.UZ

 

Бұл туралы ұсынысты ол Ресейдегі еңбек мигранттарына арналған «Мигранттың кодексі» ережелер жинағы жасақталып жатқанына байланысты жасады. Аталған кодексте мигранттардың жүріп-тұруына қатысты түрлі ережелер топтастырылатын болады.

 

ЛДПР басшысы Леонид Слуцкий «Мигранттың кодексін» қатаңдату туралы ұсыныс жасады. Ақпарат көздері кодексте орыс тілін білу және мигранттың отбасын орыс тіліне үйрету, орыс мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу, салық төленетін жұмысқа тұру, медициналық сақтандыру мен жұмысқа қабылдау туралы ресми рұқсаттың болуы, ақыл-естің дұрыстығын және жеке басын анықтауға қатысты түрлі сараптамалардан өту туралы ережелер болмақ.

 

Өзбекстан саясаткері Әлішер Қадыров бұл шешімдерге қатысты өзінің ойын телеграм арнасында жазды. Ол өзге елге жұмыс іздеп баратын азаматтардың сол елдің тілін, дәстүрін, заңын білуі керектігін айтты. «Бұл ең алдымен еңбек мигранттарының өздеріне қажет» дейді ол.

 

Ол сондай-ақ Ресейдегі жағдайдың күрделі екенін айтып, Орталық Азия елдеріне Ресеймен визалық режим енгізуді ұсынды.

 

«Мен алдағы уақытта (Ресейде) болуы мүмкін тұрақсыздыққа байланысты релоканттардың саны күрт артатынын болжаймын және тек қана біз емес, сонымен бірге барлық Орталық Азия елдері Ресеймен визалық режим енгізуі тиіс деп санаймын. Ресейдің кей саясаткерлері Орталық Азияға визалық режим енгізу керектігін айтып жүр. Сонымен бірге жұмыс іздеушілерге қатысты бақылау мен талапты күшейту керек деп ойлаймын.

 

Біз Өзбекстанда тұратын азаматтардың барлығы өзбек тілін біліп, дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуі тиіс деген позициядамыз», - дейді.

 

Әлішер Қадыров бұған дейін де Ресейге қарсы мәлімдемелер айтқан болатын. Ол Өзбекстан аумағында «Мәңгілік полк» акциясын өткізуге қарсы шыққандардың бірі саналады.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар