Асадтың азапқа толы мұрасы: 100 мыңнан астам мүрде

Асад режимі құлағаннан кейін, сириялық құқық қорғаушылар түрлі сұмдық фактілерді жариялауда. Жаппай репрессия мен мыңдап сотсыз атылған, азаптап өлтірілгендерге қатысты тың деректер шығуда дейді олар.


В Сирии нашли массовые захоронения, сделанные при режиме Асада

 

Дамашық қаласынан 40 шақырым қашықтықта жатқан Эль-Кутайфа ауданында репрессия құрбандары жерленген зират табылды. «Сириядағы төтенше жағдайдың жедел тобы» ұйымының мәліметінше аталған қорымда 100 мыңнан астам адам жерленген. Олардың барлығы дерлік Башар Асад режимінің құрбандары саналады дейді құқық қорғаушылар.

 

Reuters ақпараттық агенттігіне пікір білдірген «Сириядағы төтенше жағдайдың жедел тобы» ұйымының басшысы Муаз Мұстафаның пікірінше аталған қорымда 100 мыңнан астам адам жерленген. Ол дәл осындай кемі 5 қорымды білетінін айтты. «Бауырластар зиратында» өзге мемлекеттің азаматтары да жерленген дейді Мұстафа.

 

Мұстафа Муаздың сөзінше зиратта жерленгендердің басым көпшілігі Сирия түрмелерінде азаппен көз жұмғандар. Олардың мүрдесін әскерилер жүк көліктерімен тасыған. Қазіргі таңда жерлеу рәсімдеріне қатысқан азаматтардан сұрақ-жауап алынуда. Оның ішінде қабір қазушылар, жүк көлігінің жүргізушілері, бульдозер жүргізушілері, әскерилер және басқалары бар.

 

Асад режимі құлаған соң, Алеппо, Дамашық, Хомс және Хама қаласындағы абақтыда отырғандар босатылды. Әлеуметтік желі мен телеарналарда Сирия түрмелеріндегі сұмдық көріністер жариялануда. Азаптаудың сан түрлі әдістері болғанын сотталушылар айтып берді. Қазіргі таңда құқық қорғаушылар Гаага соты арқылы Асадты тұтқындау ордерін шығаруды ойластыруда.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар