Жойқын шабуыл: Мәскеу үшін Татарстан таяқ жеп жатыр...

Әуелі ақпараттан бастайық: Бүгін Украинаның соққылаушы дрондары кезекті рет Татарстанның Қазан қаласына шабуылдады. Дрондар Қазандағы бірнеше ғимаратқа дөп тиген. Зардап шеккендер бар.

1734776590381856.jpg

(Суреттер: realnoevremya.ru сайтынан алынды)

ҚАЗАН ТАҒЫ ДА СОҚҚЫ АСТЫНДА: МИННИХАНОВТАН МАЗА КЕТТІ

Украина соққылаушы дрондар арқылы Татарстанға, оның бас қаласы – Қазанға шабуыл жасағанын Ресейдің Қорғаныс министрлігі де, Татарстан басшылығы да ресми түрде растады.

Татарстан раиысы (басшысы) Рустам Минниханов: «Бүгін біздің Қазан қаласы Украинаның соққылаушы дрондарының шабуылына ұшырады. Жау бейбіт тұрғындарға шабуылдауда. Жедел штаб құрылды. Қазір уақытқа орналасатын қауіпсіз орынжайлар әзірленуде», - деп мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің дерегінше: Украина Татарстанға ұзын-саны 8 соққылаушы дронмен шабуылдаған. Оның бірі – өнеркәсіптік нысанға, бірі – өзенге, алтауы – тұрғын үйлерге түскен. Шабуылдар бүгін таңғы 8 бен 9:30 аралығында болған.

Бүгінгі шабуылдардан соң, Татарстанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық қоғамдық іс-шаралар тоқтатылды. Бүгінгі шабуылдан қаза тапқандар жоқ. Ал өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысшылары шұғыл эвакуацияланған.

Қазан әуежайы жұмысын уақытша тоқтатқан. Татарстанға шабуылдан соң, Қазан әуежайы секілді Саратов, Ижевскі әуежайлары да жұмыстарын уақытша тоқтатуға шешім қабылдаған.

Бүгінгі шабуылдан Қазан қаласының үш ауданында (Советский, Кировксий және Приволжский аудандарынжа) тұрғын үйлер қирап, өртенген.  Қазан әкімияты мектептерді эвакуациялап жатқанын хабарлаған.

УКРАИНА ТАТАРСТАНДЫ 5 МӘРТЕ ШАБУЫЛДАДЫ

Украина Татарстанды алғаш рет шабуылдап отырған жоқ. Бүгінгі шабуылдарға қатысты Киев қандай да бір мәлімдеме жасаған жоқ десе де, осыған дейін Украина Татарстанға 5 мәрте шабуыл жасаған. Әр жолы соққылаушы дрондар қолданылған.

2024 жылдың 2 сәуірі: Ресей құрамындағы федералды субьект саналатын Татарстан жойқын соққының астында қалды. Татарстанның «Алабұға» деп аталатын арнайы экономикалық аймағына камикадзе дрондар арқылы соққы жасалды. Шабуылға жарылыс қуаты күшті дрондар қолданылған. Ол жолы соққы Татарстанның «Алабұғасында» орналасқан «Shahed» дрондарын құрастыратын зауытқа жасалған. Соққы «Алабұғамен» қатар «Нижекамскі» технологиялық өндірісіне де жасалған. Бұл нысан Украина шекарасынан 1000 шақырым қашықтықта орналасқан.

Украина соққы жасаған нысандардың ішінде:

-          «Алабұғадағы» дрон құрастыратын зауыттың жатақжайы;

-          «Нижекамскі» технологиялық зауыты;

-          «ТАНЕКО» МӨЗ-і (мұнай өңдеу зауыты) бар.

2024 жылдың 17 сәуір: Қазан әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты. Себебі – Украинадан соққылаушы дрондар ұшып келіп, қауіп төндірді. Сол жолы Нижекамскі әуежайы да жұмысын тоқтатты. Қазан авиазауыты дабыл қақты. Набережный лелнов ауданы маңында Украина дрондары айқас салды.

Осыдан үш күн өткенде Татарстан раиысы Минниханов: «Байбалам жасаудың қажеті жоқ. Бәрі жақсы болады. Біз енді сәл ғана сақ болсақ болды. Бізде қорғаныс жүйелері бар. Біз қорғана аламыз», - деп сөйлеген.

2024 жылдың 15 мамыры:  Украина дрондары тағы да Татарстанға ұшып жетті. Бұл жолы Қазан әуежайынан 25 шақырым жердегі Верхний Услонда жарылыс дауыстары естілді.

2024 жылдың 23 мамыры: Украина дрондары Алабұға мен Нижнекамскі аспанында атойлап жүрді. Бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатып, адамдарын эвакуациялауға мәжбүр болды.

2024 жылдың 31 мамыры: Қазан мен Нижнекамскі әуежайлары тағы да дрон соққысынан сақтанып, жұмысын кідірістетті. Ал әуе-құрылыс өндірісі орналасқан аумақта дабыл қағылды. Украина дрондары бұл жолы Атнинскі ауданындағы зауытқа және Қазанның солтүстік бөлігіндегі «Оргсинтез» зауыттарына соққы жасады. Бұл ақпараттарды РФ Қорғаныс министрлігі де растаған.   

Осылайша Мәскеудің басқыншылық соғысы үшін бодандықтағы Татарстан кезек-кезек таяқ жеп жатыр...

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар