Украинадан шыққан «сатқын» Теплинский Херсонға шабуылдамақ...

Украиналық инфо-кеңестікте: «Ресей Херсон облысына шабуыл бастамақ», - деген ақпарат шықты. 

1734945614163590.jpg

(Суреттер: wikipedia.org, glavnoe.in.ua сайттарынан алынды)

«РБК-Украина» басылымы: «Ресей Запорождан гөрі, Херсон облысын шабуылдауға ызу-қызу дайындық үстінде. Тіпті, толық ауқымды шабуылға тастүйін дайын», - деп жазды.

Басылым дерегінше: Кремльдегі әскери-саяси басшылық Херсонға шабуылдау туралы шешім қабылдаған. «Херсонды алу операциясына» Ресейдің Әуе-десанттық әскерінің қолбасшысы Михаил Теплинский жауапты деп бекітілген. Ресей Херсонды алуға ұзын-саны 4 мың ресейләк шабуылдаушыны жұмылдырмақ. Ресейдің жоспарының орындалуы ауа-райына ғана байланысты болып отыр.

Сарапшылар: «Ресей Херсон облысының оң жағалауына жету үшін Днепрді кешіп өтуі тиіс. Бұл аудандардағы кепірлердің барлығы дерлік қиратылғандықтан, Ресей әскері қайықтар мен қалқыма көпірлер (понтондар) қолданады деп күтілуде.

Айта кетейік, Каховка ГЭС-ін жарып жібергеннен кейін, Днепрдің кей аумақтары балшықты тоғандарға айналған. Бұл нүктелер қыста қатып, жаудың Херсонға өтуін жеңілдетуі мүмкін.

«РБК-Украина» басылымы: «Ресей Херсонға негізші шабуылды жұмылдырып, қосымша Запорожға соққылар жасамақ. Соққылардың дені Пятихатка ауданына және Днепр өзені бойына жасалмақ. Бұларға қосымша Гуляйполя ауданы да шабуылға ұшырамақ», - деп жазады.


1734945270596170.jpg

(Сурет: wikipedia.org)

Херсонды алуға жауапты Михаил Теплинский кім?

Бұл Украинаның тумасы. Донецкі облысындағы Моспино дейтін шағын қалашықта туған. Дейтұра Ресейде әскери білім алған, Ресей армиясында қызмет еткен. Әлі де Ресей үшін жанпидалық жасап келеді.

55 жастағы генерал-полковник 2022 жылдан бері Ресейдің Әуе-десанттық әскеріне қолбасшылық жасайды. 2023 жылдың сәуірінде Укаринадағы Ресей әскерлерінің біріккен тобына жауапты қолбасшының орынбасары болған. Сол жылы «Днепрдегі» әскерге қолбасшылық жасайтын болып бекітілген.

Теплинскийге ЕО мен Ұлыбритания, Швейцария мен Жапония және Жаңа Зеландия санкция салған.

1992-1993 жылдары Ресей үшін Приднестровье соғысына қатысқан. 1994-1995 жылдары Бірінші Шешен соғысына қатысқан. Сол соғыста бір өзі 30-ға жуық шешен сарбазын жер тастандырғаны үшін «Ресей Батыры» дейтін атақты алған. 1999 жылы Екінші Шешен соғысына да қатысқан.

2014 жылы Донбасс пен Луганскідегі бүлікшілеріне болысқан. Ресейдің әскери көмегін жеткізіп отырған.

Еуроодақ өз баяндамасында: «Теплинский Ресейдің Әуе-десанттық әскерінің қолбасшысы. Оның әскері Украинаға қарсы соғыста өте белсенді болды. Ол басшылық жасайтын әскери күштер Украина қалаларын бомбалады. Ал Теплинскийдің өзі Буча қырғынына тікелей қатысып, бейбіт тұрғындарды аяусыз азаптауға және атуға қатысқан», - деп жазды 2023 жылдың 25 ақпанында.

1734945372304790.png

(Сурет: Mezgil.kz скрині)

Тақырыпқа тұздық: Mezgil.kz ақпараттық порталы осыған дейін: «Ресей Харьков, Днепр, Запорож қалаларын басып алмақ», - деген атпен сараптама жариялаған болатын. Онда «Bild» сарапшыларының: «Ресей 2026 жылға дейін соғысты жалғастырып, Харьков, Запорож және Днепр қалаларын басып алуды көздеп отыр», - деген тұжырымы туралы баяндалған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар