Мәскеуге жетуі мүмкін: Украина "Трембита" зымыранын жасауда

The Economist басылымы Киевтің қанатты зымырандарына қатысты мақала жариялады. Украинаның ерікті инженерлер тобы «Трембита» қанатты зымыранын шығаруда. Инженерлер зымыранды жасап шығаруға бір жарым жыл уақытын сарп еткен. Зымыранды Украинаның батысында жиі қолданатын «трембита» үрлемелі аспабының құрметіне атаған. Қазіргі таңда зымыран соңғы сынақтардан өтуде және алдағы уақытта жаппай өндіріске жіберілуі мүмкін.


Производство оружия – Украина разрабатывает ракету Трембита, способную  долететь до Москвы » Слово и Дело

 

«Трембита» зымыраны заманауи және екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі зымырандардың сипаттамасын ескере отырып жасалынған. Зымыранға 1944 жылы Германия инженерлері V-1 бомбаларында қолданған реактивті қозғалтқышқа ұқсас қозғалтқыштар қойылған. Зымыран сағатына 400 шақырым жылдамдықпен ұшады, ал оның модернизацияланған типтері тіпті Мәскеуге жетуі мүмкін дейді Economist сарапшылары.

 

Зымыранның бастапқыда соққы жасайтын оқтұмсығы 30 келі болмақ. Ал бағасы бар болғаны 15-20 мың доллар болады дейді құрастырушылар. «Зымыран арзан болмақ. Сол себепті де зымыранды жаппай өндіріп, қарсыластың әуе қорғаныс жүйесіне салмақ салып, антизымыран жүйелерін қалжырату тактикасы ойластыруда», - дейді «Трембита» жобасының жетекшісі Сергей Бирюков.

 

Сарапшылар Украинаның Батыстағы серіктестері арзан зымыранды өндіруге инвестиция құюға ниетті екенін айтты. Украинаның зымыран бағдарламаларына Польша, Балтық елдері, Дания, Ұлыбритания қаржы құюда.

 

Украина Қорғаныс министрі Рустем Умеров күзде Украина әскеріне арнап бірнеше зымыранды шығару қолға алынғанын айтқан болатын. Оның ішінде алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымырандар да бар. Киев дрон-зымырандарды өндіруге басымдық бермек. Қазіргі күні Украина әскері оннан астам түрлі типтегі зымыран және дрон-зымыранды сынақтан өткізуде. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар