Ресейлік пропогандашы, «Россия сегодня» газетінің бас редакторы Маргарита Симоньян «Эхо» радиостанциясына аузы көріпіріп сұхбат беріпті. Сөз арасында: «Қазақстандағы қайсыбір құбыжықтармен (бармалей) күресуге» Ресей әскер жөнелте алса, әрине бақытты боламын», - деп көкиді.
(Сурет: iz.ru)
«Мен Украинаға, Сирияға, Қазақстанға т.б. қандай да бір құбыжықтармен (бармалей) күресуге әскер жібере алсақ, бұл қолымыздан келіп тұрса әрине бақытты болар едім», - дейді Маргарита Симонян.
Айта кетейік, бұл Симонян Қазақстанға қарата алғаш рет осындай бүлікші сөз айтып отырған жоқ. Мәселен, 2022 жылғы ақпанда ол қазақстандық дипломаттардың: «Қазақстан Украина аумағынан бөлінген бүлікші «ДХР» және «ЛХР» деп аталатын сепаратистік құрылымдардың тәуелсіздігін мойындамайтыны» туралы мәлімдемесін «алғыссыздықтың көрінісі» деп атады.
«Қазақстанның айтқан алғысы осы ма? Қаңтар оқиғасы кезінде оларды не үшін құтқардық?», деп қаңтар оқиғалары барысында Қазақстан аумағына ҰҚШҰ контингентінің енгізілгенін еске салған.
Ал бұған Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жауап беріп, пропогандашы - шешім қабылдайтын адамдар қатарына кірмейтді деп айтқан. «Құдайға шүкір, Маргарита Симоньян – Ресейдің сыртқы істер министрі емес, Мемлекеттік Дума спикері де емес, президент те емес, премьер-министр де емес», - деді сол кезде Айдос Сарым.
Ресейге адал берілген Маргарита Симонян ғана емес. Оның күйеуі Тигран Кеосаян дейтін тағы бір пропогандашы бар Ресейде. Сол Тигран Кеосаян да Қазақстанға қарсы ақпараттық шабуылда Симоньяннан қалыс қала қоймайды. Мысалы, өзінің телебағдарламаларының бірінде Кеосаян Қазақстанға қарсы шығып, ашық түрде қоқан-лоқы жасап сөйлеген.
Кеосаянның сөздеріне сол жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі жауап қатып, оның Қазақстанға кіруі қажет емес адамдар тізіміне енгізілу ықтималдығы туралы мәлімдеген. Бұл 2022 жыл болатын.
Сол жолы Кеосаянның ақпараттық шабуылдарын қатардағы қазақстандықтар да қатты сынға алды, ал танымал қазақстандық актер Досхан Жолжақсынов Кеосаянды Италияның Ұлттық фашистік партиясының көшбасшысы Бенито Муссолинимен салыстырған.
2022 жылы 5 мамырда Қазақстан СІМ-і Кеосаянды нон грата тұлғалар тізіміне енгізу процесін бастағаны белгілі болды, ал 24 маусымда ҚазТАГ Кеосаянды Қазақстан «лаңкестермен бір тізімге енгізгенін» хабарлады.
Енді міне, Маргарита Симонян шығып: «Қазақстандағы әлдебір құбыжықтармен күресуге Ресей әскерін кіргізсек, шын қуанамын», - деп сөйлеуде. Қос әумесер жұп осылай оттай бере ме? Бұлардың ауыздарына осы жолы кім екі қақпақ қояды?
Mezgil.kz