Қазаққа соқтыққан Кеосаян комада жатыр

Ресейлік журналист, пропагандист Тигран Кеосаян комаға түсті. Бұл туралы радио жүргізушісі Никита Небылицкий өзінің Фейсбук парақшасында жазды.


YouTube заблокировал канал режиссера Тиграна Кеосаяна - РИА Новости,  11.07.2022

 

Никита Небылицкий былай дейді: «Құрметті ханымдар мен мырзалар, сіздерге Мәскеудегі аса жоғары лауазымды тұлғадан алған ақпаратты жеткізгім келеді. Желтоқсан айының 27-сі күні Тигран Кеосаян комаға түсіп, ауруханаға жеткізілді. Ол әлі де сол жерде. Оған екі мәрте шіркеу қызметкерлерін әкелген. Православ және армян-григориан шіркеуінің өкілдері келіпті. Оның неден комаға түскені белгісіз. Мүмкін бұл үшінші инфаркт болар, себебі осыған дейін екі мәрте болған еді.  Мүмкін өзге індет немесе Будановтың әрекеті шығар. Білмеймін. Оны медициналық жолмен комаға түсірмеген, өзі комаға түскен қалыпта ауруханаға жеткізілгенін ғана білемін. Маған ақпарат жеткізуші азамат бір емес, ондаған мәрте ақпарат жеткізген. Әрдайым оның ақпараты шын болып шыққан еді. Жағдай осылай», - дейді.


Снимок экрана 2025-01-08 201829.png

(Никита Небылицкийдің жазбасының скриншоты)

 

Тигран Кеосаян ресейлік пропагандист Маргарита Симоньянның күйеуі саналады. Украинаға Ресейдің басып кіруін ақтап, жақтағаны үшін Еуроодақ, Ұлыбритания, Канада және тағы басқа елдер Кеосаянға қарсы жеке санкциялар салды.

 

2022 жылы Кеосаян қазақтарға қарата мәлімдеме жасап, намысқа тиетін сөздерді айтқан болатын. Ол: «Қазақтар, бауырлар, бұл не қылған құрметсіздік? Сендер Ресей жойылып кетеді деп ойлайсыңдар ма? Марсқа эммиграция жасайды деп ойлайсыңдар ма? Әлде сендер Марсқа эммиграция жасайсыңдар ма? Мен Ресей Федерациясының азаматы ретінде өзімнің жеке пікірімді айтып тұрмын. Украинаға жақсылап қараңдар. Жақсылап ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар да өзара қарым-қатынас деңгейін қайта бағалап, қайта қарауы керек деп ойлаймын. Өйткені, әрі қарай да осылай болады, қу, зымиян боламыз деп ойласаңдар, ол үшін ештеңе болмайды деп ойласаңдар, қателесесіңдер. Әлем өзгерді. Пойыз кетіп барады. Сендер соңғы вагонға отырып үлгере аласыңдар», - деді Тигран Кеосаян.

 

Оның мәлімдемесінен кейін Қазақстанның СІМ өкілі Айбек Смадияров былай дейді: «Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның намысқа тиетін объективті емес мәлімдемесі назар аудартады. Оның мәлімдемесі бәлкім, Ресей қоғамы мен саяси истеблишментінің белгілі бір бөлігінің көзқарасын білдіретін болар, бірақ екі ел арасындағы әріптестік пен келісімдердің бағыты мен мазмұнына қайшы. Мұндай мәлімдемелер екі ел арасындағы тату көрші қатынасқа зиянын тигізіп, стратегиялық әріптестікті жақтамайтындардың сойылын соғады. Ол Қазақстанға кіруі тиіс емес адамдардың тізіміне енгізілетін болар». Осылайша оған Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

 

Артынша Кеосаян тағы мәлімдеме жасап, былай деді: «Бұл өте күлкілі. Мен журналист ретінде олардың әлсіз тұсын жанап өткен сияқтымын. Бірақ мен түбі өзімнің кеңестік Қазақстаныма келемін. Тағы да қайталаймын, туып-өскен Қазақстанға бәрібір келемін. Оған биліктен рұқсат та сұрамаймын», – деді.


Mezgil.kz

 

 



Ұқсас тақырыптар