57 мың тұрғынға 1 млн доллардан: Гренландияның құны қанша?

The Economist басылымы АҚШ-тың Гренландияны сатып алу жоспары «ғасыр келісіміне» айналуы мүмкін екенін жазды. Басылым Дональд Трамптың аралды алуға қатысты сес көрсетуі орынсыз, аралды сатып алуға қатысты ұсынысы ақылға қонымды дейді.


Покупка Гренландии Трампом станет крупнейшим территориальным приобретением  США в истории | Новости

 

Сарапшылар 1803 жылы Томас Джефферсонның Луизиананы сатып алуы, Уильям Сьюардтың Ресейден Алясканы сатып алуы ғасырлар өткен соң, АҚШ тарихындағы «ең ұлы сауда келісімі» ретінде бағаланғанын айтты.

 

7-қаңтар күні Дональд Трамп екінші баспасөз конференциясын өткізіп, сұрақ-жауап бөлімінде Гренландияны алу үшін күш қолдануды жоққа шығармады. Ол «Панама каналын» иемдену үшін де экономикалық немесе әскери қысымға көшу мүмкіндігін ескертті. Алайда әлем басшылары мен саясаттанушылар Трамптың бұл ұстанымы Батыс елдерінің арасындағы әріптестікке нұқсан келтіріп, одақтастық рухын жояды деп санайды.

 

The Economist «Гренландияның құны қанша» деген сұрақ аясында сараптама жасады. 2021 жылы аралдың ЖІӨ-і 3 млрд долларға жеткен. Бұл АҚШ-тың ЖІӨ-нің 1/7000 бөлігі деген сөз. Гренландияда қазіргі таңда 57 мың адам тұрады. Ал мемлекеттік қызмет қаржысының тең жартысын жыл сайын Дания билігі төлейді және әр жылдың басында 500 млн доллар аударады. Арал тұрғындары негізінен балық шаруашылығымен айналысады. Гренландия Дания құрамындағы автономды аймақ саналғандықтан, референдум арқылы өзін-өзі анықтау құқығы бойынша тәуелсіздік алуына болады. Сарапшылар бұл сандарды есептей келе, АҚШ билігі Данияға 50-70 млрд доллар ұсынып, аралды сатып алуына болатынын айтуда. Бұл тек қаржылық есеп, алайда саяси тұрғыдан Дания Гренландияны АҚШ-қа сатуға немесе беруге ниетті еместігін айтты.

 

Қаржы саласының сарапшылары аралдың құны әлдеқайда қымбат екенін айтуда. Гренландия су және мұздықтарға бай өлке. Арал маңында табиғи газ бен мұнайдың мол қоры бар. АҚШ билігі «аса маңызды» деп таныған 50 минералдың 43 түрі Гренландияда кездеседі. Минералдар әдетте әскери салада және ғарыштық технологияда жиі қолданылады.

 

Аралда әлі зерттелмеген аймақтар көп. Аралдың 80 пайызын мұз басып жатыр. Елді-мекендердің арасындағы жолдар мен электр бағаналарынан басқа аралда инфрақұрылым айтарлықтай дамымаған. Бұл аралдың пайдалы ресурстарының сақталуына ықпал етуде. Аталған факторларды ескере отырып, аралдың құны бірнеше трлн доллар деуге болады.

 

2009 жылы Дания билігі Гренландияға өзін-өзі анықтау құқығын берді. Гренландия билігі өз ресурсын өзі басқару мүмкіндігіне ие болды. Яғни, аралды сату немесе сатпау туралы келісім Дания билігімен ғана емес, Гренландия үкіметімен де жасалуы тиіс. Сарапшылар АҚШ билігі аралдың әр тұрғынына 1 млн доллар ұсыну арқылы аралды сатып алу мүмкіндігін арттыратынын болжады. Бұл келісім АҚШ және Гренландия халқы үшін тиімді болар еді. Келісім аясында АҚШ ресурсқа бай аралды иемденсе, Гренландия халқы тұтастай бай-қуатты орта тапқа айналар еді дейді сарапшылар.

 

Саясаттанушылар Гренландияның АҚШ құрамына өтуіне күмәнмен қарайды. Алайда Гренландия, Дания және АҚШ арасында арнайы келісім жасалып, Гренландияда АҚШ-тың ықпалы артарына сенімді.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар