Bloomberg басылымы 2012 жылдан бері жыл сайын әлемнің ең ауқатты адамдарының тізімін жасап келеді.
Тізімде дүниежүзінің әр түкпіріндегі ең ауқатты деген 500 адам бар. Олардың мал-мүлкі, жиған-тергені миллиондап емес, миллиардтап есептеледі.
Bloomberg индексі күн сайын Нью-Йорктегі сауданың жабылуына сәйкес жаңартылып отырады. 2025 жылдың 8-ші қаңтарындағы есеп бойынша әлемнің ең ауқаттыларының алғашқы үштігі былайша түзіледі:
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БАЙ АДАМ КІМ?
Бірінші орында – америкалық миллиардер Илон Маск. Оның байлығы 426 миллиард долларға бағаланған.
Екінші орында – «Amazon-ның» иесі Жефф Безос тұр. Оның байлығы 241 миллиард долларға тең.
Үшінші орында – «Facebook» пен «Meta» негізін қалаушы Марк Цукерберг тұр. Оның активтері 218 миллиард долларға бағаланады.
Әрі қарай:
4) Ларри Эллисон — $189 млрд,
5) Бернар Арно — $176 млрд,
6) Ларри Пейдж — $172 млрд,
7) Сергей Брин — $162 млрд,
8) Билл Гейтс — $159 млрд,
9) Стив Балмер — $148 млрд,
10) Уоррен Баффетт — $141 млрд.
Bloomberg рейтингіндегі миллиардерлердің көбі технологиямен (81 адам), сондай-ақ бөлшек саудамен, өнеркәсіппен және қаржымен айналысады. Рейтингтегі елдердің ішінде миллиардерлердің ең көбі АҚШ-та екен (190). Сондай-ақ рейтингте Қытай, Үндістан және Ресейдің көптеген өкілдері бар.
ТІЗІМДЕГІ ЖАЗҒЫЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ – ВЛАДИМИР КИМ!
Аталған рейтингте Қазақстаннан жалғыз адам бар. Ол – Владимир Ким. Оның байлығы 7,7 миллиард долларға бағаланады. Ол тізімде 415-ші орында.
Bloomberg Виадимир Ким туралы: «Ким Қазақстан мен Қырғызстандағы мыс өндірумен айналысатын KAZ Minerals компаниясының директоры және бұрынғы төрағасы. Амстердамда орналасқан компания 2015 және 2023 жылдар аралығында жылдық кіріс өсімін шамамен 20 пайызға арттырды.
KAZ Minerals 2020 жылдық есебі және 2021 жылдың сәуіріндегі кейіннен сатып алуына сәйкес, Ким оның байлығының негізгі бөлігін құрайтын акциялардың 63,5 пайызына ие. Сонымен қатар, кәсіпкер RBK банкіне де иелік етеді. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, 2024 жылдың қыркүйегінде банк активтерінің көлемі бойынша 10-шы орынды иеленді - 2,17 трлн», - деп жазады.
Ал Forbes Владимир Кимннің активтерін 3,6 миллиард долларға бағалайды. Ол Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 939-шы, Қазақстан бойынша 4-ші орында.
Mezgil.kz