Білген жанға даңқты Есет батыр бабамыздың: «Басымды құбылаға қаратқанмен, аяғым көрші елге қарасын. Ең болмаса табаныммен шекараны тіреп жатайын», - дегенін қазақ ұғынғанымен Орталық Азиядағы өзге бауырлас елдер ұғына бемейді.
(Суреттер: vecher.kz, brif.kz, orda.kz сайттарынан алынды)
15-18 ғғ. еуропалық карталарға көз салар болсаң, тек белгілі бір ұлттың атын иеленген «Қазақ хандығы» деген атауды жолықтырасың. Өзбек, түркімен және тәжік хандығы деген атауды ныпсыға ұшыратпайсың. Оның орнына тек қала атауымен аталатын: Қоқан, Хиуа және Бұқар хандықтары ғана бар екеніне көз жеткізесің. Иә, Орталық Азияда өз хандығы болмаған, бірде Қоқан, бірде Хиуа, не Бұқарға бағынышты болған жалғыз ұлт – ол қырғыздар. Тіпті, сонысын мақтан етіп, ОА-да жоқ ертедегі Қырғыз мемлекеті атауын мақтан тұтады.
Осы мақтан тұту – олардың Тұранның байырғы тұрғын жұрты еместігін танытады. Және өзге ұлттардың ешқайсы да қазақтың Ресей империясы жаулап алуынан өздерін 300 жылдай қорғаған батыр қазаққа бір ауыз жылы сөз айтқан емес. Жылы сөз айтпайтыны - тарихтан қалған жосық. Міне, осы тарихи жады ОА-да Қоқан, Хиуа және Бұқар хандықтарымен бірігіп конфедрация құрмақшы болған соңғы ханымыз Кенесарының түбіне жетті.
Тарихи жадысы ұлтшылдықпен тұмшаланбаған ОА азаматтары соңғы кезде орыс жаулап алуының түп тамырына көз жүгіртіп, сабаға түсіп, ақылға келе бастады. Иә, хан иеміз ОА хандықтары мен оның боданы болып табылатын қырғыздарға еріккеннен барған жоқ. Британияның көмегіне сүйенген Қоқан, Хиуа және Бұқар хандықтарымен бірігіп конфедрация құрмақшы болды. Оңтүстік-Шығыс қазақтарын орыс отарлауынан сақтап қалу үшін амалсыз осындай амалға барды. Бірақ осы идеясын қырғыз халқы емес, Ақ патшаның шен-шекпені мен сөлкебайына малданған ақылы төмен, саяси соқыр қырғыз манаптары іске асырмай тастады.
Енді араға уақыт салып, соңғы ханымыздың қырғыз жеріне қатысты шаһид болуын айырқалпақты ағайын түрлі саққа жүгірте бастады. Ал, жөн сөзге келіп, қазақтан кешірім сұраған ағайындарын ит етінен жек көріп, етегін кесіп, елден қуардай өре түрегеле қарсы шығатын әдет тапты.
Қырғызстанның белгілі әншісі Қайрат Примбердиев «Airan» YouTube-арнасына берген сұхбатында Кенесары ханның басын алу оқиғасын қозғап, осы жағдай үшін қазақ халқынан өз атынан кешірім сұраған болатын.
«Ормон хан Кенесары ханның басын алуға мәжбүр болды. Мен өз атымнан қазақ халқынан осы оқиға үшін кешірім сұрағым келеді. Бұл оқиға мен үшін де ауыр, тіпті көзіме жас келеді. Біз Кенесары ханның басын өз еліне жеткізіп, Құран оқып, осы оқиғаға қатысты ренішті жоюымыз керек», – деп кешірім сұраған болатын.
(Сурет: orda.kz скрині)
Айта кетейік, Примбердиевтің бұл сөзі әлеуметтік желілерде түрлі реакция тудырды. Кейбір пайдаланушылар әншіні осы тақырыпты көтеріп, әдепсіз әрекет жасады деп санайды. Осыған байланысты ол өзінің Instagram-дағы бетінде бейнеүндеу жариялап, жағдайды нақтылауды шешті.
«Мен «Айран» қазақ сайтына берген сұхбатқа қатысты түсініктеме беруді ұйғардым. Біріншіден, онда мен бүкіл қырғыз халқының атынан кешірім сұраған жоқпын, тек өз атымнан ғана сөйледім. Екіншіден, менің сұхбатым бір сағатқа жуық созылды, бірақ, бәлкім, форматқа байланысты онда кешірім сұрайтын қысқа үзінді жарық көрді. Бірақ егер сұхбатты толық тыңдасақ, менің шын жүректен айтқан сөздерімнің мағынасы түсінікті болады.
Құрметті достар, мен 1845 жылы Кенесары ханның қырғыздардың жеріне жасаған шабуылдары, Ормон ханның неге оның басын кесіп тастағаны туралы әңгіме қозғадым. Мен ортақ ақпаратпен бөлістім. Мен редакцияға толық бейнені жіберуді сұрадым, себебі қазір отандастарымның арасында түсініспеушілік пайда болды. Мен сіздің неге ашуланғаныңызды түсінемін. Бәлкім, бұл бейнеде сіздің мақтанышыңызға әсер ететін сәттер бар шығар. Бірақ менің сөздерім жақсы ниетпен айтылды. Біз бір рет өмір сүріп жатырмыз, ал біздің халықтарымыз мыңдаған жылдар бойы көршілес болып тұрып жатыр. Біз қырғыздар, ұлы және кең пейілді халықпыз. Мен өз атымнан кешірім сұрадым», - деді әнші ақталып.
Mezgil.kz