"Керемет банкке" санкция салынды: Қара тізімге кімдер қосылды?

АҚШ билігі Ресейге санкциялық қысымды күшейтіп, санкцияны айналып өтуге талпыныс жасаған өзге елдің компанияларына да жанама санкцияны арттыруда. АҚШ-тың Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік департаменті қосымша санкцияларды жариялады.


Казахстанская компания, попавшая под антироссийские санкции в третий раз,  до сих пор не ликвидирована | informburo.kz

 

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейдің, Түркияның, Германия мен Қытайдың жеке тұлғаларына санкция салды. Сонымен бірге Түркия, Ресей, ҚХР, БАӘ, Қырғызстанның заңды тұлғаларына да санкция салынған. Оларға Ресейге салынған санкцияны айналып өтуге көмектесті деген айып тағылған. Шетелдегі есепшоттары бұғатталып, қандай да бір келісім жасауға тыйым салынған.

 

Запорож АЭС-і, «Патриот» көрме орталығы, «Военторг», «АвтоВАЗ», Михаил Фрунзе атындағы Нижний Новгород ғылыми-өндірістік бірлестігі және Новотроицк хром қосындылары зауыты, «Тактикалық зымырандар» корпорациясы да санкция арқалады.

 

Жеке және заңды тұлғаларға арналған санкциялар негізінен компания басшыларына салынды. Олардың қатарында Запорож АЭС-інің бас директоры Владислав Исаев та бар. АҚШ билігі Ресей мен Қытай арасындағы шекаралық тауар айналымын іске асырып, санкциялық тауарларды кіргізуге үлес қосқан компанияларды бақылауда ұстап отырғанын айтты.

 

АҚШ Қытайдың танымал компанияларын қара тізімге қосты. Олардың қатарында Anhui Hongsheng International Trade Co Ltd; Qingyuan Fo Feng Leda Supply Chain Service Co Ltd; Heilongjiang Shunsheng Economic And Trade Development Co Ltd; Qingdao Hezhi Business Service Co Ltd; Xinjiang Financial Import And Export Co Ltd; Hangzhou Xianghe Trading Co Ltd; Shaanxi Hongrun Jinhua Trading Co Ltd; Fujian Xinfuwang International Trade Co Ltd; Jilin Province Shunda Trading Company Ltd компаниялары бар.

 

Аталған компаниялар ресейлік қаржы ұйымдарымен бірлесе отырып, жанама шоттар ашып, санкцияны айналып өтуге үлес қосқан. Ресей тарапынан бұл жүйені іске асыруға бұрын санкцияға ұшыраған «Сбербанк», «Альфа-банк», «Совкомбанк», «Т-банк», «Точка» банк қатысқан. Олардың жанама шоттары анықталып, бұғатталды.

 

Алғаш рет АҚШ-тың санкциялық шектеулеріне Herbarium Office Management LLC (Herbarium), «Атлант Торг» АҚ, Sigma Partners LLC, «Операциялар және есеп айырысулар» АҚ, «Арктур» АҚ, Paylink Limited ілікті. АҚШ аталған компанияларға қатысты шектеулер санын алда арттыратынын айтты.

 

Вашингтонның соққысы өзге аймақтағы қаржы ұйымдарына да тиді. Мысалы Қырғызстандағы «Керемет банк» санкция тізіміне қосылды. АҚШ Қаржы министрлігінің ақпаратынша аталған банк ресейлік санкциядағы банктермен әріптестік орнатып, санкцияны айналып өтуге қатысқан. Қырғызстан банкі «Промсвязьбанк» атынан шекаралық аударымдарды іске асырып, Ресейдің әскери әлеуетін қолдаған дейді Вашингтон.

 

АҚШ тарапы санкциялық тізімге Ресейге салынған санкцияларды бұзуға ықпал еткен 250-ден астам адамның қосылғанын жариялады. Оның ішінде басым бөлігі Ресеймен әріптестік орнатқан шетел азаматтары саналады.


Mezgil.kz

 

 

 

 



Ұқсас тақырыптар