Мияулаған мысық, жарылған мина: Ресейлік сапер соғыс тактикасы жайлы айтты

The Times басылымы Украина мен Ресей арасындағы соғыстың біршама тактикасына тоқталды. Соғыстағы кей әдістер ескірген болса да, әлі де жауынгерлер үшін аса қауіпті дейді басылым.


Азербайджанский военнослужащий подорвался на мине в Карвачаре - 03.01.2022,  Sputnik Армения

 

Ресейдің «Звезда» арнасына сұхбат берген ресейлік сапер Украина әскерінің тактикасы жайлы айтты. Оның сөзінше Украина әскері қобдишалар мен сандықтарды, қораптарды, шкафтарды миналаудың жаңа әдісін тапқан. Олар қобдишаның ішіне мияулаған мысықтың дыбыс жазбасын қалдыратын болған.

 

«Белгілі бір нысанға кірдік делік. Шкаф немесе қобдиша тұрады. Оны тексеру керек. Көп жағдайда миналануы мүмкін деп сарбаздар ашпайды. Алайда кейде шкафтан немесе қобдиша ішінен мысықтың мияулаған дыбысы шығады. Сарбаздар ішінде мысық бар екен, қауіпсіз деген сөз деп ашады. Сол сәтте жарылыс болады», - дейді ресейлік сапер Леонид Отдельнов.

 

Оның сөзінше мұндай жағдай Донецк бағытындағы ұрыстарда қайталанған. Сапер жарылыстан ресейлік сарбаздардың жарақат алғанын немесе көз жұмғанын айтпады.

 

Қазіргі сәтте Ресей мен Украина әскері майдан даласында мысықтарды жиі қолданады. Олардың басты миссиясы окоптардағы атжалмандар мен дала тышқандарын аулау болып саналады. Әскери психологтар мысықтарды сарбаздардың жүйкесін тыныштандыру үшін қолдануға болатынын айтуда. Ресей Dalia Research компаниясының зерттеуі бойынша мысық асырау және оған қамқорлық көрсету жағынан әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі саналады. Ресей халқының 59%-ы мысық асырайды. «Бұл статистикалар сөзсіз ұрыс жағдайында мысықтың дауысын естіген сәтте сарбаздарға да әсер етуі ықтимал» дейді The Times басылымы.

 

The Times басылымының жазуынша Украина мен Ресей сарбаздары окоптарда атжалмандар тарататын түрлі ауруларды жұқтырған. Атжалманмен күресудің негізгі жолы ұрыс даласындағы мысықтардың санын арттыру дейді олар. Атжалмандар әскери қоймалардағы азық-түлікті жеп, байланыс желілерін кеміріп кеткен сәттер де болған.

 

Украина соғысында әскери сарапшылар Вьетнам соғысындағы партизандық соғыстың көріністерін де байқауда. Украина диверсанттары Вьетнам соғысындағы миналау әдістерін қолдануда. Ал Харьков бойындағы ұрыста тіпті ор қазып, ішін үшкір қадаға толтырған факт тіркелген.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар