Қазақстан АЭС құрылысына мердігерді қашан таңдайды? Үміткерлер кімдер?

Қазақстан атом электр станциясының құрылысына мердігерді қашан таңдайды? Бұл сұраққа ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жауап берді.

1737718385581119.jpeg

(Сурет: diapazon.kz)

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында потенциалды вендор анықталады. Яғни, АЭС салуға қай вендор қатысатыны биыл мамыр-маусым айында белгілі болмақ. Бұған дейін Қазақстан мамандары мен құзырлы министрлік өкілдері Қазақстанда АЭС салу жөніндегі консорциумға кіруі мүмкін елдерге сапарлап қайтқан болатын.

Қазақстан АЭС салу бойынша Ресейлік «Росатом», Қытайлық «CNNC», Франциялық «EDF» және Оңтүстік Корейлік «KHNP» компанияларын қарастырып жатыр.

Былтыр жылдың соңына қарай президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «АЭС-ті халықаралық консорциум салуы керек», - деп мәлімдеп, АЭС құрылысын тездету туралы айтқан. Ал былтырғы жалпыхалықтық референдум нәтижесі бойынша АЭС құрылысын электораттың 71 пайызы қолдаған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар