Жошыдан Кенесарыға дейін: 600 жылға созылған хандық әулет әлемде сирек!

Ерлан Қарин 2022 жылғы 5 қаңтарда ҚР Мемлекеттік хатшысы, онан соң 2022 жылдың 14 маусымында Мемлекеттік кеңесші болып тағайындалған еді. Осы уақыттан бері Қарин мырза БАҚ-пен тығыз байланыста болып келеді. Осы байланыс биылғы жылы да үзіліп қалған жоқ. «Jibek Joly» телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасына Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин сұхбат берді.

1737737153211517.png

(Сурет: Видео скрині)

Сұхбат барысында Мемлекеттік кеңесші қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікір білдірді. Лауазымды тұлға өзіне қойылған Ұлттық құрылтайдың құрылу тарихы мен онда көтерілген бастамалардың маңызы, Қазақстан ғылымының бәсекеге қабілеттілігі, елдегі су тасқыны жағдайы және басқа да тақырыптарға жауап берді. Ерболат Мұхаметжаннің сұхбаты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төлен Әбдікке жолдаған жеделхатынан басталып, қазақ тарихи киноларын әлемге таныту мәселесі төңірегіндегі қисынды ойлармен мәреленді.

Сұхбат барысында Төлен Әбдік сұхбатының маңыздылығы, оның – қоғамға қарата айтқан ой-пікірімен, қоғамның ығына жығылмайтын, қайта қоғамға керек деген ұсыныс-пікірмен жұрт есінде қалғандығы, қоғамға қарата жұртқа жақпайтын пікір айту қауіпке айналған қазіргі кезде Төлен Әбдік өзінің тік мінезімен елімізге ой салғаны, «тарихты аңызға айналдыру» үрдісінен арылуға түрен салғаны кеңінен сөз етілді. Аталған сұхбатта (Төлен Әбдік сұхбатында) жалған ұлтшылдықтан арылудың жолы мен емі қазаққа ұсынылғанын Ерлан Қарин мырза айтты.

Құрылтайда жоспарлаған дүниелердің жүзеге асырылуы да арнайы сауал ретінде қойылып, оның қаншалықты жүзеге асып жатқандығына жауап алынды.

«Ерекше маңызы бар. Оңай болған жоқ. Қызу пікірталастардан өтіп, 9 Заң қабылданды», - деді Мемлекеттік кеңесші. Сонымен қабылданған Заңдарды тізбектей кетсек: «Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау», «Вейптер туралы», «Нагарадалардағы өзгерістер туралы» Заң. «Айбын» орденіне Бауыржан, Сағадат және Рақымжан есімдерінің берілуі де зор мәртебе болғандығы осы сұхбатта айтылды.

«Символикаға қатысты Заң» – геральдикалық мәселелердің бәрін ретке келтіруге бағытталса, «Жер-су атауларына қатысты Заң» – да қоғамдағы ономастикалық олқылықтарды түзеу үшін өте-мөте маңызға ие болмақ. «Еңбек адамдарын қолдауға қатысты Заң» – да жұрт арасында кең қолдау тапты. «Археология туралы Заң» – Парламентке жіберілді. Ең маңыздысы – қазақ қоғамының жегі құрт дерітне айналып үлгерген «Есірткіге қарсы күрес Заңының» – қабылдануы кеңінен сөз етілді.

Ең басты мәйек сөз мәдени-тарихи аңыста өрбіді. Қарин мырза: «Әр буын өзіне жауапкершілік алуы керек. Даудан қорықпау керек. Тарихты дұрыстап қайта жазу керек. Барлық салада басталған істі аяғына дейін жеткізу керек», - деп өз ойын ортаға салды.

Ең сүбелі әңгіме – Ұлт тарихының 7 томдығы төңірегінде болды. Бұған қатысты Мемлекеттік кеңесші: «7 томдық ұлттық тарих биыл жыл соңында қолға тиеді», - деп мәлімдеді.

«Қазақстан тарихы бойынша шешімдер Ресейдің ықпалымен қабылданады деген пікірлер жалған. Тарихи жобалар толығымен қазақстандық мамандардың бақылауында және тек ұлттық мүддеге сай жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мемлекет ғылыми зерттеулердің мазмұнына араласпайды. Тарихшылар тәсілдер мен бағыттарды таңдауда еркіндікке ие, бұл өткенді объективті және тәуелсіз зерттеуге ықпал етеді.

250 отандық тарихшыдан тұратын топ 7 томдық «Қазақстан тарихын» жасаумен айналысуда. Бұл тарихты зерттеу мен түсіндірудегі дербес көзқарасты толық көрсететін ауқымды және маңызды жоба.

Сонымен қатар, келесі аптада Астанада тарихшылардың съезі өтіп, онда 7 томдық жұмыстың барысы мен түйінді тұстары талқыланады. Бұл ғылыми қауымдастықтың ашықтығын және кәсіби диалогқа деген ұмтылысты растайды.

Ресей, Қытай, Ватикан және басқа елдердің тарихи мұрағаттарымен жұмыс істеу стандартты халықаралық зерттеу тәжірибесі болып табылады. Бұл тарихи оқиғаларды объективті және толық талдау үшін қажет.

Қазақстан Еуропа, Қытай, Жапония, Корея және басқа да елдердің тарихшыларымен белсенді ынтымақтастықта. Мәселен, жапон тарихшысы 40 жылын Алаш тарихын зерттеуге арнаса, енді бірі Қазақ хандығы туралы түрлі деректерге сүйене отырып кітап жазды. Бұл біздің тарихымызға халықаралық деңгейде қызығушылықтың жоғары екенін дәлелдейді», - деді Ерлан Қарин сұхбатта.

Бұл сұхбатта, сондай-ақ тарихи фильмдерімізді және телехикаяттарымызды әлемге қалай танымал етудің өзегі – «Алтын Орда» телехикаяты төңірегінде өрбіді. «Көп мақтаған кино туындымыз кезіндегі «Көшпенділер» секілді болып кетпей ме» деген жүргізуші сұрағына Мемлекеттік кеңесші екі нәрсенің басын айарып алуды ұсынды: Біріншісі – ішкі сұраныс. Екіншісі – әлемдік сұраныс. «Жошыдан Кенесарыға дейін 600 жылға дейін созылған хандық әулет әлемде тым сирек», - деді Мемлекеттік кеңесші.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар