Бүгін Алматыда «Қаңтар оқиғасы» бойынша Арман Жұмагелдиев бастаған топқа сот үкімі оқылды. Бұл процесс – «Қаңтар оқиғасы» бойынша ең ұзаққа созылған сот процесстерінің бірі болып, ел ішінде «Дикий Арман ісі» деп аталып кеткен.
(Суреттер: azattyq.org, respublika.kz, azh.kz)
Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ел ішінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал «қылмыс әлемінің серкесі» Арман Жұмагелдиев бастаған 44 адамға үкім шығарды. Олардың арасында Алматы маслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген мен ҚР ҰҚК 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов бар.
Бұл іске қатысы бар деп 44 адам айыпталған. Ал сот процессі 2023 жылдың 6 қыркүйегінде басталған. Айыпталушы 44 адамның 25-і тергеу изоляторында, қалғандары үйқамақта болған. Сот айыпталушылардың барлығын кінілі деп таныды. Сотталушылардың алды 1 жыл 3 айдан, арты 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын арқалады.
Негізгі айыпталушылар: Арман Жұмагелдиев (Дикий Арман), Руслан Ысқақов (ҚР ҰҚК 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы), Талғат Махатов (бұрынғы қаржы полициясының агенті), Қайрат Құдайберген (бұрынғы депутат).
Тағылған айыптар: Күдіктілерге «билігін асыра пайдалану», ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау, қарақшылық шабуыл, заңсыз адамдарды бостандығынан айыру, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, сондай-ақ бандитизм бойынша айып тағылды.
(Сурет: rus.azattyq.org)
АРМАН ЖҰМАГЕЛДИЕВ ІСІ:
Сот «Дикий Арманға» 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оған бірнеше айып қатар тағылған. Соның ішінде Жұмагелдиевке «Қаңтар оқиғасы» кезінде 24 адамды ұрлап кетті деген айып тағылған.
СОТ НЕ ДЕЙДІ?
Жұмагелдиев ҰҚК қолдауына ие болып, Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде қылмыстық ұйым құруға кірісті.
Осы мақсатта қылмыстық ұйымда негізгі рөлдерді атқаруға психологиялық тұрақтылығымен, қылмыстық қудалаудан қорықпауымен және жақсы дене дайындығымен ерекшеленетін бұрын таныс тұлғалар алынды. Жұмагелдиевтің қылмыстық тобының барлық мүшелері ұйымдық, функционалдық және аумақтық жағынан өзіне тікелей бағынатын топтарға бөлінді.
Айта кетейік, Ысқақов басқарған ҰҚК бөлімшесі Жұмагелдиевтің қылмыстық ұйымымен бәсекелес болған бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топтарды жойды.
2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Жұмагелдиев Түркия Республикасында жүргенде өзінің қылмыстық бірлестігінің қызметін қашықтан басқарған. Мерзімді түрде Қазақстан, Түркия және БАӘ құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен және ұйым мүшелерімен кездесулер өткізді. Топ ықпал ету аясын кеңейту және қаржылық кірісті қамтамасыз ету үшін ықтимал құрбандарды жүйелі түрде іздестірді.
2022 жылдың басында Ысқақов, Жұмагелдиев және Құдайберген билікті күшпен басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздіктердің негізгі ұйымдастырушылары болды. Осы мақсатта Жұмагелдиев Қазақстанға 2021 жылдың желтоқсан айында алдын ала келген.
Сот 2022 жылдың 5 қаңтарында Жұмагелдиевтің бандысы мен оның жақтастары Алматыдағы Республика алаңына екі рет шыққанын анықтады. Олардың мақсаты – тәртіпсіздікке қатысушылардың басын біріктіріп, қазіргі билікке талаптар қоятын «Халық кеңесі» түріндегі конституциялық емес орган құру. Кейіннен Жұмагелдиев тәртіпсіздіктерге қатысушылардың санын көбейтуді ұйғарды. Ол үшін Шымкенттен Алматыға өз бандысының мүшелерін алдырып, одан әрі алаңға кіруге атсалысуға шақырған.
Осылайша, 2022 жылдың 6-7 қаңтары аралығында Жұмагелдиевтің бандысының мүшелері тонаушылар мен тәртіпсіздіктерге қарсы күресті желеу етіп, бейбіт тұрғындарды заңсыз ұстады. Ұсталғандарды қатты соққыға жыққан, тінту, қорлау, жауап алу т.б.. Сонымен қатар, олардың кейбіреулері видеоға түсіру кезінде ұрлық жасағанын және ҚДТ экстремистік әрекетіне қатысқанын мойындауға мәжбүр болған. Барлығы 34 құрбанды қылмыстық топ мүшелері ұрлап, ұрып-соққан.
Сонымен қатар, Алматыда тәртіп орнату және сенімді алиби жасау деген желеумен Жұмагелдиев пен оның жақтастары Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру көлігін қайтарып, 12-ші қалалық аурухананың күзетін ұйымдастырды, сондай-ақ ақшаны таратуға бастамашы болды. Алматы тұрғындарына азық-түлік таратты. Жұмагелдиевтің тәртіпсіздіктерге қарсы күреске еліктегені және оның барлық әрекеттері өзі ұйымдастырған қылмыстардың ізін жасыруға бағытталғаны сенімді түрде анықталды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты
(Сурет: respublika.kz)
РУСТАН ЫСҚАҚОВ ІСІ:
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ҰҚК 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовқа 15 жыл 6 айға түрме жазасын кесті. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Сот процессі кезінде Руслан Ысқақов өзіне тікелей Самат Әбіш нұсқаулық жасағанын, бұл іске Самат Әбіштің де қатысы бар екенін айтқан.
СОТ НЕ ДЕЙДІ?
Сотта анықталғандай, Ысқақов 2016 жылы ҚР ҰҚК 5-ші департаменті бастығының орынбасары бола тұра, өз атынан ұлттық қауіпсіздік органдарынан қорғауға уәде беріп, Жұмагелдиевті ынтымақтастыққа көндірген.
Сонымен бірге Ысқақов Жұмагелдиев тобының заңсыз әрекетінің жолын кесу үшін ешқандай шара қолданбаған.
2022 жылдың 5-6 қаңтарына қараған түні ҰҚК басшылығы тұтқындалған соң, Ысқақов жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру жоспарының сөзсіз орындалмайтынын түсініп, қылмыстың ізін жасыруға шешім қабылдады. Ол Алматыдағы жағдайды тұрақтандыруды сылтауратып, Жұмагелдиевке адамдарды ұрлап, «Қазақстан» және «The Ritz Carlton Almaty» қонақүйлерінде ұстауды бұйырды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты
(Сурет: azh.kz)
ҚАЙРАТ ҚҰДАЙБЕРГЕН ІСІ:
Танымал кәсіпкер әрі Алматы маслихатының бұрынғы депутаты Қайрат ҚҰдайбергенге сот 8 жыл түрме жазасын кесті. Ол сондай-ақ, мемлекеттік қызметтен шеттетілді. Қайрат Құдайберген бұқаралық іс-шараларқа қатысу мүмкіндігінен және мемлекеттік парапаттарынан айырылды.
СОТ НЕ ДЕЙДІ?
Қаңтар оқиғасы кезінде Құдайберген «Қазақстан» қонақүйінде штаб құрып, олар Жұмагелдиевтің тобын шақырып, сол жерден қарулы топтың және оларға қосылған басқа адамдардың әрекеттерін басқарды.
Сондай-ақ Құдайбергеннің «Қазақстан» қонақ үйінің маңында кәсіпкерлік нысандарын қорғауға көмектесеміз деген желеумен, әрі қарай Жұмагелдиевтің қылмыстық тобымен бірігу мақсатында заңсыз түрде спортшылар мен басқа да адамдардан адамдарды жинағаны сенімді түрде анықталды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты
Mezgil.kz