Трамптың Гренландияға таласы: Дания АҚШ-тың экономикасына соққы жасайды

Дания мен АҚШ арасында Гренландия аралына байланысты саяси текетірес ушыға түсті. FT басылымының жазуынша Дональд Трамп Дания билігімен екі мәрте сөйлесіп, Гренландияны толық алуға ниетті екенін жеткізген. Дания бұл ұсынысты қарастырмайтынын айтуда және Гренландия аралының қорғанысын күшейтуде.


Трамп был в «шоке и ужасе», когда узнал, что США выслали больше российских  дипломатов, чем страны ЕС - The Washington Post

 

Foreign Policy басылымының сарапшысы Элизабет Броу Данияның АҚШ-қа қарсы жауап нұсқаларын қарастырды.

 

Дональд Трамп бірінші президенттік мерзімінде Гренландияны сатып алу идеясын бірнеше мәрте айтқан болатын. Алайда ол сәтте Данияға саяси қысым жасамады. Ендігі таңда Трамп Данияға саяси және экономикалық қысым жасайтынын айтуда, тіпті әскери нұсқаны да жоққа шығармайтынын меңзеуде.

 

Элизабет Броудың пікірінше Данияның АҚШ-қа қарсы жауаптары Трамптың Гренландияны сатып немесе саяси қысыммен тартып алу идеясын тоқтатуы ықтимал. Данияда әлемдегі жүк тасымалын іске асыру бойынша екінші орында тұрған Maersk компаниясы орналасқан. 2023 жылы аталған компания өзінің 672 кемесімен 24 млн контейнер тасыған. Maersk компаниясы әлемдегі теңіз контейнері флотының 15 пайызына ие. Бұл аса ауқымды көрсеткіш саналады. Ал компанияның 2024 жылғы статистикасы ақпан айында жариялануы тиіс.

 

Қазіргі таңда аталған компания АҚШ-тың компанияларының өнімдерін тасымалдап, тығыз әріптестік орнатқан. «Егер Дания үкіметі Maersk компаниясының кемелеріне АҚШ порттарына кіруге тыйым салса, онда АҚШ-тың көптеген компаниясы соққы алар еді» дейді сарапшы Броу.

 

Дания компаниялары АҚШ нарығына арықтау және дұрыс тамақтану өнімдерін сатуда. Novo Nordisk компаниясы семаглутид шығару бойынша көшбасшы саналады. Семаглутидты АҚШ-тағы Ozempic және Wegovy арықтату препараттарында қолданады. Егер Дания өз өнімін сатудан бас тартса, онда АҚШ-та жылдам арада семіздік пен диабет саны артар еді дейді мамандар.

 

2021-2023 жылдар аралығында Данияның семаглутид қосындысы бар өнімдерді сатып алу көрсеткіші АҚШ-та 500 пайызға артқан. Миллиондаған адам Дания өнімдеріне тәуелділіктерін білдірген. Barclays Research зерттеуі бойынша Дания өнімдері АҚШ-тың миллиондаған азаматын семіздіктен қорғауда. Novo Nordisk компаниясы АҚШ-қа соңғы 5 жылда 4,1 млрд доллар инвестиция салған.

 

Алайда Дания мен АҚШ билігі арасындағы Гренландия үшін талас ушығатын болса, Копенгаген АҚШ-қа инвестиция салуға тыйым салып, экономикалық байланысты азайтуы ықтимал. Бұл Вашингтон үшін соққы болар еді дейді сарапшылар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар