Қытай мен Үндістан: Ресейден мұнай сатып алмаймыз!

Үндістан мен Қытай ресейлік мұнайды танкерлер арқылы сатып алуды тоқтатты. 10-қаңтарға дейін сатып алынған мұнай аталған елдерге жеткізілуде, алайда 10-қаңтардан кейін тапсырыс саны еселеп азайған. Үндістанның көптеген компаниялары тіпті ресейлік мұнайды ақпан мен наурызда сатып алуға тапсырыс бермеген.


Буря в бочке нефти. Кто больше потеряет от торгового эмбарго ЕС? |  Аргументы и Факты

 

Reuters басылымының жазуынша Ресейдің мұнайы Азия аймағындағы су айлақтарында қаңтарылып тұр. Байден биліктен кетер сәтте 180-нен астам ресейлік танкерді қара тізімге қосты және аталған танкерлерді қабылдайтын порттарға жанама санкция салатын құжатқа қол қойды. Сатып алушы компаниялар жаңа келісім жасаудан қашқақтауда. Себебі санкция тек қана танкерлерге емес, сонымен бірге «Газпром нефть», «Сургутнефтегаз» және басқа мұнай, газ трейдерлері мен компанияларына салынды. Ал санкциядағы компаниямен келісім жасау жанама санкцияға ұшырауға әсер етеді. 

 

FGE консалтингтік компаниясының бағалауынша ресейлік мұнайды Shandong Port Group компаниясы басқаратын Шаньдун аймағындағы портқа жеткізбеудің Қытайға да кері әсері бар. Аталған аймақтағы мұнай өңдеу зауыттары күндігіне 1 млн баррель мұнайдың жетіспей жатқанын айтуда.

 

Kpler сарапшысы Сю Муюдің пікірінше Ресейдің Қиыр Шығыстан Қытайға мұнай жеткізуі азая бермек. Бұл күндігіне 717 мың баррельге дейін түсуі мүмкін.

 

Үндістанның мұнай өңдеу зауыттары әзірге ресейлік мұнайды қабылдау үстінде. Бұл 10-қаңтарға дейін тапсырыс берілген мұнай саналады. АҚШ билігі Үндістанға 10-қаңтарға дейін жасалған келісім бойынша мұнайды қабылдауды 27-ақпанға дейін аяқтау керектігін айтты. Артынша Үндістанның мұнай өңдеу зауыттарында күндігіне 500 мың баррель мұнай тапшылығы болмақ.

 

Bloomberg-тың жазуынша Ресей Үндістанға 10-қаңтарға дейін күндігіне 1,4 млн баррель мұнай жеткізген. Үндістандағы ең ірі мұнай өңдеу зауытының бірі саналатын Bharat Petroleum-ның басшысы Рамакришна Гуптаның сөзінше наурыз айына аталған МӨЗ Ресейден мұнай сатып алуға мүлде тапсырыс бермеген.

 

Indian Oil Corporation компаниясы болса ресейлік мұнайдың орнын алмастыру үшін басқа елдерді қарастыра бастады. Оның ішінде АҚШ пен Африка елдері бар. Қаңтар айының басында Ресейден 10 млн баррель мұнай сатып алған Indian Oil Corporation, қаңтардың соңында 6 млн баррель мұнайға тапсырыс берді. Алайда оның ішінде ресейлік компаниялар жоқ. 


Қытай компаниялары ресейлік мұнайды құбыр арқылы алуды жалғастыруы мүмкін. Алайда танкер арқылы алуды азайта бермек. Ал Үндістан алдағы уақытта ресейлік мұнайды мүлде алмауы ықтимал, себебі Үндістанға Ресейден мұнай тасымалдайтын құбыр жоқ. Үндістанға ресейлік мұнай тек қана танкерлер арқылы тасымалданып келді. Соғыс басталған сәттен кейін Үндістан Ресейдің арзан мұнайын сатып алуды еселеп, Қытайдан кейінгі екінші орынға жайғасты. Ендігі таңда Дели де, Бейжің де ресейлік мұнайды алуды еселеп азайту арқылы Мәскеудің экономикасына соққы жасауда. 

 

Сарапшылар Байденнің соңғы санкциясынан кейін Ресейдің теңіз арқылы мұнай тасымалдау әлеуеті 40 пайызға азайғанын айтты. Бұл көрсеткіш ЕО-ның 16-шы санкциялық пакеті күшіне енгеннен кейін артуы ықтимал. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар