USAID Қазақстандағы жалған ақпарттармен күресуге миллиондар жұмсапты. Ал АҚШ-тың жаңа билігі дәл бұндай бюджет шығынына наразы.
(Сурет: видео скрині)
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт қазақстандық жоба іліккен USAID-тің «күлкілі» шығындарын ашық сынға алды.
Байден әкімшілігі төмендегі:
▪ 2 млн - Гватемалада жынысын ауыстыру;
▪ 20 млн - Мысырдағы туризмді қаржыландыру;
▪ 20 млн - Ирактағы «Сезам көшелері» атты жаңа шоу сынды шетелдік жобаларға миллиондаған доллар бөлгенін айтты.
«Мен жай ғана демократтарға қарата айтқым келетіні, олар билік тізгінін ұстаған кездегі қаржыландырған кез келген сандырақтардың ұзын сонар тізіміне жынымның келетіні», - деп айыптады Левитт.
Кэролайн Левитт Қазақстанға да назар аударды. Өйткені USAID елімізде дезинформациямен күресуі үшін 4,5 млн доллар бөлген екен.
«Демократтар Америка халқы өздерінің салықтарының игі мақсаттарға емес, қайта осы сияқты бәлду-бәдікке жұмсалуына наразы. Бірақ Солтүстік Каролина мен Калифорнияда (АҚШ штаттары) дауылдан зардап шеккендер әлі де бар. Сол себепті, Трамп америкалықтарды басты орынға қоюды жалғастырады», - деп мәлімдеді баспасөз хатшысы.
Қазақстанның дезинформациямен бел шеше күресіп жатқаны енді ғана емес. Батыс бұған білек сыбана қатысып, елімізде ақпараттық қауіпсіздік пен медиа сауаттылықты дамыту бойынша бағдарламаларды кең көлемде жүргізіп келеді.
Бірақ Кэролайн мәлімдемесінің астарында өз елімізге қатысты айтарымыз: Бұл шығындар шынымен де өзін ақталды ма, әлде бұл АҚШ-тың біздің аймақтағы ықпалының ауқымды стратегиясының бір бөлігі ме?
Mezgil.kz