Курскідегі жарты жыл: Путин ашулы. Украина Курскіден кеткен жоқ!

Бүгін Украина әскерінің Ресейдің Курскі облысына әскер бастап кіріп, жерін оккупациялағанына тұп-тура жарты жыл болды. Осы жарты жылда Курскіде не болды? Біз шолу ұсынамыз...

1738843430474466.jpg

КУРСКІ ШАЙҚАСЫ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ?

Украина әскері Ресейдің шекара шебінде жатқан Курскі облысының аумағына 2024 жылдың 6 тамызында әскер бастап кірді. Ал 15 тамызға дейін Курскі облысында ұзын-саны 1000 шаршы шақырым жер Украина бақылауына өтіп үлгерді. Украинаның әскербасы Сырскийдің есебінше: сол кездің өзінде Курскі облысындағы 82 елдімекен Украина бақылауында болған. Соның ішінде Ресей үшін стратегиялық маңызға ие Суджа қаласы да бар.

2024 жылдың аяғына қарай, Ресей қарсы шабуылдар ұйымдастырды. Курскіні қорғау үшін қосымша әскер мен техникалар жіберді. Нәтижесінде, 40 пайызға жуық аумақты қайтара алды. Десе де, күні бүгінге дейін Ресей Украинаны Курскіден ығыстырып шығара алған жоқ.

Ал былтыр тамыз айының соңында Украина Курскі облысында бақылауға алған аумақтарда әскери комендатура орнатты.

Факт: Бұл соңғы 80 жылда, яғни Екінші дүниежүзілік соғыстан соң қандай да бір шет мемлекеттің Ресей аумағына әскер кіргізіп, тұтастай облыстың едәуір бөлігін өз бақылауына алған алғашқы жағдай.

УКРАИНАНЫҢ КУРСКІГЕ КІРУДЕГІ МАҚСАТЫ НЕ?

Украина тарабы: «Ресейдің жерін оккупациялау ойымызда жоқ. Біздің мақсат – Ресей әскерін жерімізден ығыстырып шығару», - деп бірнеше мәрте мәлімдеді.

Украина ресми жария еткен мақсаттардың бірсыпырасы, мынау болды:

* Ресейдің зымыран кешендері мен артиллериясын Укарина шекарасы мен аумағынан ығыстырып шығару;

* Ресей майдан шебіне қару-жарақ, керек-жарақ жеткізіп отырған логистикалық маршуртты үзу;

* Ресейдің әскери-саяси билігінің дәрменсіздігін, Ресейдің өз аумақтарын қорғауға қауқарсыздығын, шынайы әскери жағдайдан бейхаюарлығын әлемге әшкерелеу;

* Соғысты Ресейдің өз территориясына қарай ойыстыру. Сол арқылы Ресей қоғамының Ресей билігіне деген наразылығын ояту.

Ресей таратқан ресми ақпаратта: Ресей Курскі облысының аумағынан ұзын-саны 112 мың адамды эвакуациялаған. Ал бейресми деректерде, бұл сан 150 мыңның үстінде деп көрсетіледі.

КУРСКІДЕГІ АЛТЫ АЙ: УКРАИНАНЫҢ ЕСЕБІ ҚАНДАЙ?

Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы Курскі облысындағы әскери операция туралы есеп жариялап: «Курскі операциясын бастаудағы басты себеп – Ресейдің Сумкі мен Харьковке шабуылының жолын кесу болды», - дейді.

* Ресей алты айдың ішінде Курскіде 39 900 сарбазынан айырылды.

* Олардың 16 100 сарбазы қаза тапқандар тізімінде.

* Курскіде Ресейдің 909 сарбазы Украина тұтқыны атанды.

«Украинаның Курскідегі операциясы 2024 жылдың тамызында басталып, әлі жалғасып келеді. Ақырғы 11 жылдың ішінде алғашқы рет ұрыс қимылдары Ресейдің өз аумағына өтті. Біздің жауынгерлер әлі де Курскіде атой салуда. Бұл біз үшін буферлік аумақ снаалады», - дейді Украина Бас штабы.

КИМ ӘСКЕРІ КУРСКІНІ ҚОРҒАЙ АЛМАДЫ

Ресей Курскі облысын қорғау үшін Апти Алаудинов бастаған шешен батальонын жіберген. Олардың қайраты жетпеген соң, Солтүстік Корейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Бұл да факт. Ресей мен КХДР арасындағы әскери-стратегиялық одақтастық шарты шеңберінде, Пхенян Мәскеуге көмекке 12 мың сарбазын жіберді. Олар Курскіні қорғауға жіберілді.

Десе де, Ким әскері де Курскі қорғанысын ұстап тұра алмады. Нәтижесінде майдан шебінен шегінуге шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлыбритания және Оңтүстік Корей барлау қызметтері мәлімдеді.

Ким әскерінің едел-жедел шегінуінің басты себебі – адам шығынының еселеп артуы. Оңтүстік Корей есебі бойынша, КХДР Курскіде ең кемі 3 мың сарбазынан айырылған. Олардың 300-і өлген. 2700-і жараланған.

Украина сарбаздары Солтүстік Корей әскерімен 2024 жылдың қараша айында бетпе-бет шайқасқа түсті. Тіпті, Украина Солтүстік Корейдің 2 сарбазын тірідей тұтқынға түсіре алды. Әдетте, олар тұтқынға түспеуге тырысады. Тығырыққа тірелгенде өз-өздерін өлтіруге дейін баратын.

КХДР әскерінің соғыс тактикасы қырғи-қабақ соғыс кезеңінен кейін еш өзгермегенін майдандағы кадрлерден көруге болады. Дрондар түсірен кадрлердеп Ким әскерінің 20-60 адам болып топтасып, шабуылға шығатынын байқауға болады. Ал Соғысты зерттеу институты (ISW) Солтүстік Корей сарбаздарының дроннан қорғана алмайтынын жазды.

Батыс барлауы Пхенянның жақында Ресейге қосымша әскерін жіберуі мүмкін дейді. Болжаммен: 10-12 мың сарбаз келуі мүмкін.

КУРСКІ УКРАИНА ҮШІН КӨЗІР БОЛМАҚ

Соғысты дипломатиялық реттеуде Курск облысы басты көзір болмақ. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский айтты.

Зеленский: «Біз соғыстың аяқталуын дипломатиялық реттеуге қол жеткізгенде, Курск бағытында ресейліктердің Украинаға қандай дәрмен жасайтынын көре алатын боласыздар. Украина әскері Курскі облысындағы жағдайды тұрақты ұстап отыр. РФ әскері үлкен шығынға ұшырап, қарсыласу қауқары төмендеді. Көмекке шақырған Солтүстік Корей әскері тым-тырақай қашуда», - деді.

Зеленскийдің пікірінше, Ресей әскері Украина күштерін жақын арада Курскіден күштеп, түре қуып шыға алмайды.

КУРСКІДЕГІ ҚАЗІРГІ АХУАЛ ҚАНДАЙ?

Дәл қазір орыс армиясы шабуылының негізгі бағыты - Локня және Кіші Локня өзендерінің шегі. Свердликово ауданында қиян кескі ұрыстар жүріп жатыр. Ресей әскері осы ауданның солтүстік шетіне кеше жетті. Ұрыстар Суджаның оңтүстігінде, Куриловка және Гуево аудандарында да жүріп жатыр.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар