Әзербайжан Ресейді қыспаққа алуда: Мәскеудің басты ұйымы жабылды!

Әзербайжан билігі «Россотрудничество» агенттігінің Әзербайжан аумағындағы қызметін тоқтатқаны туралы ресейлік тарапқа ресми хабарлама жіберді. Бұл туралы Report басылымы жазды. Баку аталған шешімді ұлттық және мемлекеттік мүдде аясындағы шешім ретінде сипаттауда.


347388410793108.jpeg

 

Бірнеше күн бұрын Әзербайжанның құқық қорғау органдары Бакудегі «Русский дом» ғимаратын өз бақылауына алған еді. Тексеріс барысында ұйымның тіркелмей қызмет атқарғаны анықталды.

 

«Россотрудничество» 2008 жылы құрылды. Ресей аталған құрылым арқылы посткеңестік елдер мен өзге аймақтардағы байланысын арттыруды ойластырды. Оның ішінде гуманитарлық, мәдени және ақпараттық аспектіге ерекше мән берілді. Россотрудничествоның әлемнің 80-нен астам елінде ұйымдары мен өкілдері қызмет етеді.

 

2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін ЕО елдері Россотрудничествоға санкция салды. Еуропа аталған ұйымды «ресейлік көзқарасты таратушы, барлау жүргізуші» деп атады.

 

Әзербайжан билігі USAID агенттігінің де жұмысын тоқтатуда. «Біздің мемлекетіміз өзі өзгеге демеушілік жасай алатын күйде. Сол үшін де бізге қандай да бір көмек қажет емес. Әсіресе қаржылық жүйесі күмәнді, қызметі сенімсіз және барлаушылық сипатқа ие ұйымдардың қажеттілігі жоқ», - дейді Әзербайжан БАҚ-тары.

 

Сарапшылар Бакудың Ресейге қарсы әрекетін ұшақ апатымен түсіндіруде. Мәскеудің кінәні өз мойнына алмауы, Әлиев билігін Ресейге қысым жасауға мәжбүрлеуде дейді саясаттанушылар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар