Ресей үшін соғысып, Ресей үшін құрбан болды: Грузияда «батыр» болған «қазақ» Харьковте өлді

Путин режімінің шашбауын көтеру арқылы әлемге танымал болған қазақтардың бірі – ресейлік әскери қызметші Тасболат Абатұлы Ибрашев Украинада қаза болды.

1739180850530221.jpg

(Суреттер: unian.net)

Тасболат Ибрашев – Атыраудың тумасы. Кейін Ресей азаматтығын алған. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап соғысқа ерікті ретінде қатысқан. Араға үш жыл салып, 2025 жылғы 3 ақпанда Харьков облысының Волчанск қаласында қаза тапқанын Украина БАҚ-тары қуана, Ресей ақпараты зарлана жазды.

Сонымен Тасболат қалай әйгілі болды?

2008 жылдың тамызында бүкіл әлемге Оңтүстік Осетия бағытына бет алған грузин әскерлерінің колоннасының жолын бөгеген ресейлік пулеметшінің кадрлары тарап кетті. Әскери қызметшінің ерлігі мен батылдығына таң қалған шетелдік журналистер сол кезде «Орыстарға 300 солдат керек емес, біреу де жетеді» деген мақала жариялаған болатын.

Ұзақ уақыт бойы суретте бейнеленген адам Буряттың қаза болған жауынгері Бато Дашидоржиев деп келген. Бірақ 2019 жылы Ресейдің МемДумасының депутаты Алдар Дадминовтың арқасында аталған сарбаздың жеке басы анықталып, ол астрахандық Тасболат Ибрашев болып шықты.

1984 жылы Қазақстанда туған бұл адам, 1986 жылы анасымен бірге Ресейге көшкен. 2008 жылы Солтүстік Кавказда қызмет етті. Ал 2010 жылы келісімшарт аяқталғаннан кейін - Астраханға оралған.

Тасболаттың Украинаға қарсы соғысқа қатысуы туралы ақпарат 2023 жылғы қыркүйекте пайда болған.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар