Баку мен Кишинев жапқан «Орыс үйі» Қазақстанда не істеп жатыр?

Ресейдің шетелдердегі «жұмсақ күшінің» ықпалын арттыру мақсатында жұмыс жасайтын «Россотрудничество» жаңа сынақтарға тап болуда.

1739530566719823.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

13 ақпанда Молдова билігі Ресейдің Ғылым және мәдениет орталығын (Орыс үйі) жабу туралы шешім қабылдағанын жариялады. Кишиневтегі Сыртқы істер министрлігі 1998 жылы жасалған Молдова-Ресей арасындағы мәдени орталықтар құру және жұмыс істеу туралы үкіметаралық келісімді біржақты бұзу туралы мәлімдеді.

МОЛДОВА АСПАНЫНА КІРГЕН РЕСЕЙ ДРОНЫ «ОРЫС ҮЙІН» ЖАПТЫ

Бұған Ресейдің соққы беретін дрондарының елдің әуе кеңістігін бұзуы себеп болған. Бұл – Ресей мәдениет орталығы бұрын Кеңес одағының құрамында болған тағы бір елде жұмысын тоқтатады деген деген сөз.

1739530116890413.jpg

(Сурет: moscowtimes.ru)

Молдова сыртқы істер министрлігі Ресей елшісі Олег Озеровты шұғыл шақыртқан. «Кездесуде Молдова тарапы өрескел жайтқа байланысты наразылық білдіріп, мұндай оқиғалар ел қауіпсіздігіне және Молдова азаматтарына қауіп төндіретінін айтты. Ресей дипломатына мұндай әрекеттер ел егемендігін бұзуды білдіреді және Ресей тарапынан достыққа жатпайтын кезекті ишара деп саналатыны айтылды», – деп жазылған СІМ хабарламасында.

Министрлік елшіге дрон қалдықтарын көрсетіп, Ресей билігінен бұл шабуылдарды дереу тоқтатуды және Молдова Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына аса құрметпен қарауды талап еткен.

Ресейлік дрондар Молдова әуе кеңістігінен ұшып өтіп Украинадағы Одесса облысын атқылаған болатын. Олардың екеуі Молдова аумағына құлап жарылды.

1739530055596314.jpg

(Сурет: report.az)

АШУЛЫ БАКУ ДЕ «ОРЫС ҮЙІН» ЖАПТЫ

Мұның алдында ұшақ апатына байланысты Баку мен Мәскеудің қарым-қатынасы нашарлаған еді. 2024 жылы желтоқсанда Қазақстанның Ақтау қаласы маңына «Azerbaijan Airlines» әуекомпаниясының жолаушы ұшағы құлағаннан кейін Әзербайжан ұшақты байқаусызда Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі атты деп, апатқа Мәскеуді айыптады

Ақпанның басында Әзербайжан билігі Мәскеуге Ресейдің «Россотрудничество» агенттігі қызметін ел аумағында тоқтататыны жайлы ресми нота жіберген. Әзербайжан СІМ: «Бакудегі «Орыс үйі» заңды тұлға ретінде тіркелмеген», - деді.

1739530221888958.png

(Сурет: kazakhstan-almaty.rs.gov.ru)

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ «ОРЫС ҮЙЛЕРІ» НЕ ІСТЕП ЖАТЫР?

«Орыс үйлері» әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Еуропаның көп бөлігінде бар. Бұл ұйымдар «Россотрудничество» мүддесін қорғайды және ресми мәліметтер бойынша, «шетелде тұратын ресейліктерге әртүрлі іс-шаралар мен қызметтер ұсынумен айналысады, сондай-ақ Ресей мәдениетін, ғылымын және білімін насихаттауға жауапты».

Жарнамасы жер жарған «Орыс үйлері» Қазақстанда да белсенді жұмыс жасайды. Астанамен Алматыда орталықтары бар.

Алматыдағы Ресей елшілігінің жанынан 2010 жылы ашылған «Орыс үйі» осы уақытқа дейін 5 мыңнан астам жобаны іске асырған. Қатысушылар саны 100 мыңнан асқан. 15 мың шәкіртті дайындықтан өткізген. Бұл еліміздің бір қаласындағы жағдай. Өзге қалалардағы жалпы ахуалды осыдан-ақ бағамдай беруге болады. Әсіресе соңғы жылдары Солтүстік облыстарда мектеп бітірген мектеп түлектерінің Ресейге оқуға кетуі жиілеген. Демек, өзге елдерде жабылып жатқан «орыс үйлері» Қазақстанда жақсы жұмыс жасап тұр деген сөз.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар