Украинадағы соғыс һәм бейбіт келіссөздер: Қазақстан не дейді?

Астанада Қазақстан мен Венгрия Сыртқы істер министрлері жолықты. Украина-Венгрия арасындағы өзара қайшылықтарға байланысты «Ресейшіл» позиция ұстанған Венгрия билігінің өкілі Астанадан Украинадағы ахуал жайын сөз етті.

1739787745171506.jpg

(Суреттер: sputnik.kz / А.Никольский, ulysmedia.kz)

Ал Қазақстан СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату үшін тараптардың келіссөзге ұмтылысын оң бағалады.

«Біз бейбіт келіссөздер жылдамырақ басталады деп сенеміз. Қазір соғысты тоқтатуға қандай да бір үміт бар екенін баса айтамыз. Бұл оңай шешім емес. Бірақ, келіссөздерге қарай қадам жасау – бұл жақсы тенденция. Біз бейбіт келіссөздерді құптаймыз», - деді.

Қазақстан: «Тараптар соғысты дереу тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруы тиіс», - деген позициясын 2022 жылдан күні бүгінге дейін бірнеше мәрте қайталап айтқан. Одан бөлек, Қазақстан Ресей оккупациялаған аумақтарды, атап айтқанда: Украинадан бөлініп шығамыз деп бүлік бастаған сепаратистік өңірлер – Донецкі, Лушанскі, Запорож бен Херсон облыстарын мойындамайтынын айтқан.

«Қазақстанның өз ұстанымы нақты. Ол БҰҰ Жарғысы негізінде барлық мемлекеттердің, соның ішінде Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтеу! 20 миллион халқы бар, оның ішінде 3,5 миллион орыс пен 250 мың этникалық украин бар Қазақстан үшін бұл өте жақын әрі күрделі тақырып, қайғылы соғыс.

Сондықтан Қазақстан қантөгісті тоқтатуға бар күш-жігерін салып, шиеленісті шешуге өз үлесін қосуға ұмтылуда. Президентіміз бұған дейін де Ресей мен Украина тарапынан сұраныс болса, Қазақстан арағайындық жасауға дайын екенін айтқан», - деген еді 2023 жылы «Герман толқынына» (DW) сұхбат берген ҚР СІМ вице-министрі.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар