ХАМАС Газаның билігінен кетеді: Сарапшылар не дейді?

ХАМАС «Палестинаны азат ету ұйымына» Газа секторын басқаруды Палестина ұлттық әкімшілігіне беруге дайын екенін айтты. Бұл туралы 17-ақпан күні Sky News Arabia басылымы жазды. Ақпарат көздері ХАМАС-тың шешіміне Мысырдың қысымы әсер еткенін айтуда.


Как выглядит столица сектора Газа после ударов Израиля по объектам ХАМАС |  Forbes.ru

 

The Insider басылымы Таяу Шығыс елдеріндегі әскери және саяси процесстерді зерттеуші бірнеше сарапшыдан пікір алып, аталған мәселені талқылағанын айтты.

 

Израиль-Палестина қақтығысын зерттеуші Марианна Беленькая былай дейді: «Мысыр ХАМАС билігімен өткен жылдан бері келіссөз жүргізуде және Газа аймағын бақылауды Палестина әкімшілігіне яки бірнеше палестин бірлестігі қосылатын жаңа комитетке беруді ұсынған болатын. ХАМАС билігі Газада қалатын болса халықаралық ұйымдардың бірде-біреуі Газаны қалпына келтіруге қаржы бермейді. Оны ХАМАС жақсы түсініп отыр. Қаржысыз қалған ХАМАС-ты Газа халқы да қолдамас еді. ХАМАС Газаны басқаратын болса, араб елдері де қаржы салмайтыны белгілі. Себебі салған қаржы ақталмай, қақтығыс қайта болуы ықтимал деп топшылайды.

 

ХАМАС Газаны бірлесе басқаратын комитет құруға талпыныс жасаған, алайда ФАТХ ол идеяны қолдамайтынын көрсетті. Палестина әкімшілігі 2007 жылғы оқиғалардың қайталануынан қауіптенеді. Газада сөзсіз жаңа әкімшілік болады, дей-тұра оны кім басқарады, құрамы қандай болмақ деген сұрақтарға әлі жауап жоқ. ХАМАС-тың басшыларына не болмақ? Оның әскери бөлімшелерін не күтіп тұр? Израиль ХАМАС-тың басшыларының Газада қалуына көне ме? Бұл сұрақтарға әлі нақты жауап берілмеді. Газаны басқару Палестина әкімшілігіне берілетін болса, Палестина әкімшілігі аймақты толық басқаруда қиындық көрмек. Себебі Палестина әкімшілігі Иордан өзенінің батысындағы өз аймағын бақылауда бірқатар қиындыққа тап болуда. Халық Палестина әкімшілігін жемқорлыққа батқан деп айыптаумен келеді», - дейді сарапшы.

 

Шығыстанушы, саясаттанушы Юлия Рокнифардтың ойынша Газадағы басқаруды Палестина әкімшілігіне беру идеясын ХАМАС-тың саяси бөлімшесі қолдауда, алайда әскери бөлімшесі қарсылық танытуда деген ойда.

 

«Газадағы билікті Палестина әкімшілігіне беру идеясын ХАМАС-тың саяси бюросы жасады деп ойлаймын. Ол Газадан тыс аумақта орналасқан. Саяси бюроға араб елдері мен әлемдік қауымдастықтың қысымы артуда. Алайда Газадағы ХАМАС-тың әскери бөлімі жағдайды мүлде басқаша елестетуі ықтимал. Саяси бюроның шешімін ХАМАС-тың әскери бөлімшелері қолдай қоюы екіталай. Оны біз тұтқын алмасу кезіндегі ХАМАС жасақтарының мұздай қаруланып шығуынан байқай аламыз. Бұл бір жағынан саяси бюроға да сигнал деп түсіну керекпіз. Газада қандай басқару жүйесі болатыны қазір мүлде түсініксіз. Тұтқын алмасу процесі аяқталған соң, аймақтағы қарулы қақтығыс қайта жандануы бек мүмкін», - дейді Рокнифард.

 

Шығыстанушы Руслан Сулейманов Палестина әкімшілігі Газа халқының қолдауына ие еместігін айтты.

 

«Палестина ұлттық әкімшілігі мен ХАМАС арасындағы Газаны басқару бойынша келіссөздер жүріп жатқанына көп болды. Келіссөз әлі де жүріп жатыр. Израильдің бұл мәселеде позициясы әлі белгісіз. Себебі ол ХАМАС-ты да, Палестина әкімшілігін де Газада көргісі келмейді. ХАМАС Газаны басқаруды өзге ұйымға оңайлықпен бере қоймасы анық. ХАМАС бұл қақтығыста жеңіспен шықтық деген ойда және Газа халқының мүддесін ХАМАС қорғауы тиіс деген позицияда. Палестина әкімшілігін Газа халқы қолдамайды, тіпті оны Иордан өзенінің батысындағы палестиндіктер де қолдай қоюы күмәнді. Палестиндіктер арасында Аббас билігі Израильмен құпия байланыс жасап, палестин халқының мүддесін сатты деген пікір бар.

 

Қақтығыстан кейін Газада ғана емес, Палестина әкімшілігінде өзгеріс болуы қажет. Соңғы рет президент сайлауы 2005 жылы болды. Ол сәтте Аббас 4 жылға сайланған еді, алайда билікте отырғанына 20 жыл болып қалды. Алайда түптің түбінде Израильдің позициясын да ескеру керек», - дейді ол.

 

Сарапшылар АҚШ президенті Трамптың «Газа халқын көшіру» идеясынан кейін, араб елдері Газаны басқару жүйесін құруды жылдам талқылап жатқанын айтуда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар