Батыс барлауы: Ресей Украинадан тағы жер талап етуде!

Ресей билігі Украинамен келіссөз барысында Киевтен Донецк, Луганск, Херсон және Запорож облысын Мәскеуге тұтас беруді талап етпек. Бұл туралы АҚШ-тағы Соғысты зерттеу институты мамандары айтты.


Битва за Донбасс решит исход войны за Украину

 

Ресейдің өкілдері Украина жерін оккупациялауды жалғастыратынын айтуда. БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя 17 ақпан күні былай деді: «Қырыммен қоса Украина Донецк, Луганск, Херсон және Запорож облыстарын мәңгіге жоғалтты. Бұл аймақтар Ресей құрамына қосылды».

 

Ол Украина билігінің Донбасстан және Запорож бен Херсон облыстарынан толық бас тартып, әскерін әкету керектігін айтты. «Бұл аймақтар Ресейдің тарихи жері және референдум арқылы Ресей құрамына қосылды. Ресейдің Конституциясында солай көрсетілді. Бұл облыстар облыс шекарасы бойынша Ресейге қосылған болатын», - дейді Небензя.

 

WarMapper зерттеушілерінің ақпаратынша Ресей Украинада Донецк облысының 70 пайызын, Запорож облысының 72 пайызын, Луганск облысының 98 пайызын және Херсон облысының 71 пайызын, Харьков облысының 2 пайызын оккупациялаған. Ендігі таңда Ресей Донецк, Луганск, Запорож, Херсон облыстарының оккупациялай алмаған 30 пайызын беруді талап етуде.

 

NBC News арнасы Батыс барлауының ақпаратына сүйене отырып, Путиннің бейбіт келісім жасауы екіталай деген пікірді айтты. «Ресей билігі келісімді жасасу процесін созбалақтап жүруге ниетті. Себебі Путин майдан даласында жеңіске жетудемін деген ойда. Ол әскери шығынымен санаспайды және Украинаның көбірек аумағын оккупациялауды ойлайды», - дейді Батыс барлауы.


Әскери сарапшылар Ресейдің талабын Украина орындамайтынын айтты. Қазіргі таңда майдан даласында позициялық соғыс күшейді және тараптардың алға жылжуы баяулаған. Ресей әскері Донбасста алға жылжуға тырысса, Украина Курск облысы мен Покровск маңында қарымта шабуылдар жасауда.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар