Соғыстың суық сандары: Ресей 19 мың баланы ұрлады! Мыңдаған сарбаз қаза тапты!

Украина мен Ресей арасындағы соғысқа үш жыл. The Moscow Times басылымы ашық дереккөздердегі ақпараттар мен мемлекеттік құжаттарға, некрологтарға сүйене отырып «соғыста 400 мыңнан астам адам қаза табуы мүмкін» деген жорамалға келді. Ресей жалпы жиынтығы 70 мың шаршы шақырымды оккупациялаған және әр шаршы шақырым үшін қос тараптан кемі 5 сарбаз қаза тапқан дейді басылым сараптамасында.


Российские адреса доставки «груза 200» (карта) - Тверезий погляд

 

Ресей билігі соғыс басталған сәттен бері Украинадаға әскери шығынын екі мәрте ғана ресми жариялады. Соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде Ресейдің қорғаныс министрлігі әскери шығынын атап, оны 6 мыңның төңірегінде деп көрсетті.

 

ВВС-дің ресейлік бөлімшесі және «Медиазона» сарапшылары үш жылдың ішінде соғыста қаза тапқан 95 мыңнан астам ресейлік сарбаздың есімін анықтады. «Медиазона» сарапшылары көп жағдайда қаза тапқан сарбаздар жайлы ақпаратты табу қиынға соғатынын айтуда.

 

ВВС-дің ресейлік бөлімшесі: «Украинаның оккупациядағы Донецк және Луганск облысынан Ресейді қолдап соғысқа аттанғандар көп, олардың арасында қаза тапқандар саны 21-23 мың адамды құрайды» деген болжамын айтты.

 

Украинаның Lostarmour.info және UALosses.org жобалары қаза тапқан Украина сарбаздары жайлы ақпаратты жинаумен айналысады. Аталған жоба сарапшылары Украина тарапынан қаза тапқан 70 мыңға жуық сарбаздың есімін анықтады. Тәуелсіз сарапшылар Украина тарапынан соғыста 120-140 мың сарбаз қаза тапты деген пікірде. The Economist басылымы 2024 жылдың соңында «Украина әскері соғыста 100-110 мың сарбазынан айырылды» деп жазған болатын.

 

БҰҰ-ның ақпараты бойынша Украина соғысында 13 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан. Оның ішінде 650-і бала. Ресейдің адам құқығы бойынша арнайы өкілі Татьяна Москалькованың ойынша «Ресейде 398 бейбіт тұрғын қаза тауып, 2 мыңға жуығы жарақат алған». Алайда бұл ақпаратпен Украина билігі де, Ресейдің тәуелсіз сарапшылары да келіспейді. Украина билігі «бір ғана Мариуполь қаласында 20 мыңнан астам бейбіт тұрғынның опат болғанын» айтуда.

 

Қаза тапқан сарбаздардың тізіміне шетелдік жалдамалы жендеттер мен Солтүстік Корея әскері, жеке әскери компания жауынгерлері кірмейді. Russia Matters платформасының ақпаратынша соғысқа кемі 55 елден мыңдаған адам ерікті және жалдамалы түрде қатысуда.

 

The Wall Street Journal басылымы Украина әскерінде 80 мың сарбаз қаза тауып, 400 мыңға жуығы жарақат алғанын жазды. Ресей әскерінің шығыны 200 мың сарбаз қаза тауып, 450 мыңға жуығы жарақат алған деп жазды. Осылайша қос тараптың шығынын қоса алғанда, бұл соғыстағы адами шығын миллионнан асады.

 

Украина билігінің ақпаратынша Ресей Украина жерінен 19 мыңға жуық баланы ұрлап әкеткен. Бала ұрлау қылмысына байланысты 2023 жылы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді тұтқындау туралы ордер шығарды. Украина араб елдерімен бірлесе келіссөз жүргізу арқылы 1036 баланы кері қайтарды.

 

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина аумағынан Ресей ұрлап әкеткен балаларды кері қайтаруға болатынын айтты.


Mezgil.kz

 

 

 

 



Ұқсас тақырыптар