Мән-мағынасыз БРИКС: Трамптың сесі, ортақ валюта және "өлі ұйымның" бүгінгі күйі

 

БРИКС ұйымы өз құрамына жаңа мемлекеттерді қабылдауды уақытша тоқтатты. Бұл туралы Бразилияның СІМ өкілдері мәлімдеді. Бразилия 2025 жылы БРИКС-қа төрағалық етеді. Бразилия билігі «БРИКС-те жаңа мүшелердің пайда болуынан кейін ұйымның басқару жүйесінде мәселелер артқанын» айтуда. Соңғы екі жылда БРИКС-ке Мысыр, Иран, БАӘ, Эфиопия және Индонезия мүшелікке өтіп, ұйымдағы мемлекеттер саны екі есеге артты.


Путину вручили купюру в 50 БРИКС, выпущенную во Владимирской области -  новости Владимирской области

 

Бразилия билігі БРИКС-тың ендігі саясаты ұйымға мүше елдердің санын арттыру емес, ұйымның жүйелі қызметін күшейту болатынын мәлімдеді. БРИКС-ке жаңа мемлекеттерді қабылдауды тоқтату жайлы мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың БРИКС-ке шүйлігуінен кейін жасалды. АҚШ басшысы БРИКС жаңа валюта жасап, долларға қауіп төндірсе, ұйымға мүше мемлекеттерге баж салығын арттыратынын айтқан болатын. БРИКС-тің ортақ валютасы жайлы идеяны Ресей билігі көтеріп, Украинадағы соғысқа байланысты идеяны шынайылыққа айналдыру керектігін мәлімдеумен келді. Алайда ендігі таңда Мәскеу «бұл бастаманың басында біз болған жоқпыз» деп, ат тонын ала қашуда.

 

Ресей президенті Владимир Путин 2022 жылдың маусымында БРИКС-тің ортақ валютасы болу керектігін айтып, Батыс елдерін «әлем экономикасын ретсіз иемденді» деп айыптады. БРИКС-тың ортақ валютасы жайлы бастаманы Сергей Лавров та бірнеше мәрте айтты. Ол: «БРИКС елдері өзара төлемде ұлттық валютаға көшуде. Әзірге БРИКС ортақ валюта жасауды ойластырып жатқан жоқ, алайда бұл болашақта талқыланатын болады», - деді.

 

2024 жылдың қазан айында Ресей басшысы Владимир Путин тіпті БРИКС-тың «купюрасын» көрсетті. «Қазанда БРИКС-тың ортақ валютасы көрсетілді» деп жазып жатты ресейлік арналар. Алайда бұл «валюта» 2023 жылы ОАР-да өткен саммитте де көрсетілген еді және бар болғаны «символикалық кәдесый» ретінде таныстырылды. Ортақ валюта жасау идеясын Ресей басшылығы көтеруге тырысса да, оны қолдаушылар табылмады. Ұйымға мүше елдер бұл идеяны қолдамады. Bloomberg басылымы Үндістанның ортақ валюта идеясына үзілді-кесілді қарсы шыққанын жазды.

 

Ұйымға мүше елдер БРИКС-ты антибатыстық ұйымға айналдыруға жол бермейтінін айтты. Үндістан, БАӘ, ОАР өкілдері ұйымды «Қытай мен Ресейдің басшылығындағы кезекті антибатыстық блок» ретінде сипаттауды доғаруға шақырды.

 

2024 жылдың желтоқсан айында Reuters басылымы Бразилияның төрағалығы тұсында ортақ валюта идеясы мүлде көтерілмейтінін айтты. Бразилия билігі БРИКС-тың төлем жүйесін оңтайландыруды ойластыруда.

 

Соңғы уақытта БРИКС-тың ортақ валютасына қатысты АҚШ басшысы Дональд Трамп шүйліге мәлімдемелер жасауда.

 

Президенттік қызметіне кіріскен сәтте, АҚШ басшысы Дональд Трамп 31-қаңтарда былай деп мәлімдеді: «БРИКС елдері долларды ысырмақ болған сәтте, біз қарап тұрады деген ой іске аспайды. Біз осы бір дұшпан елдерден БРИКС-тың валютасын жасамау немесе қандай да бір өзге валютаны қолдамау міндеттемесін талап етеміз. Құдіретті долларды алмастырмақ болғандар 100 пайыздық баж салығына тап болмақ. Ақымақ елді басқа жақтан іздесін. БРИКС-тың халықаралық саудада долларды алмастыра алатын мүмкіндігі мүлде жоқ. Солай еткісі келгендер «Қош келдің, баж салығы» және «Қош бол, АҚШ» деуі тиіс»,- деді.

 

Трамптың мәлімдемесіне Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жауап қатты. «БРИКС ортақ валюта жасап шығаруды талқылаған емес, талқылап жатқан да жоқ. БРИКС-те өзара инвестиция құю, үшінші елдерге инвестиция салу бойынша платформа құру деген сияқты жобалар талқылануда. Міне, осылар талқы болуда. Трамп мырзаға жанындағы сарапшылары БРИКС жайлы нақтырақ түсіндіру керек», - деді Песков.

 

Ақпан айында Трамп тағы да БРИКС-ке шүйлікті. «БРИКС елдері ортақ валюта шығаруға талпынса, мен оларға баж салығын 150%-ға көтерем. БРИКС бар ма өзі? Соңғы кездері олар жайлы естімедім. Өйткені бұл өлі ұйым», - деді ол.

 

«Трамптың мәлімдемелерінен кейін БРИКС-ке мүше болғысы келетін елдердің саны азайған. Ал БРИКС-ке мүше елдер бұл ұйымның тиімділігіне күмәндана бастады» дейді Bloomberg басылымы.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар