Оянған Еуропа жаппай қаруланбақ: Украина енді Еуропаға арқа сүйей ме?

Кеше Ұлыбритания премьері Кир Стармердің шұғыл шақыруымен, Лондонда ЕО лидерлері бас қосты. Оған Украина президенті Зеленский де қатысты.

1740985638871056.jpeg

(Сурет: dw.com)

Аталған алқа-қотан жиында талқыланған басты тақырып – Украинадағы қауіпсіздік пен бейбіт келісім мәселесі. АҚШ-тың жаңа басшылығының соңғы жылдардағы Украинаға, Еуропаға қарсы қатаң риторикалары. Сондай-ақ, Еуропа лидерлері бір ауыздан келіскен екі мәселе бар. Біріншісі – жаппай қарулану және қорғаныс саласының бюджетін айттыру. Екіншісі – Украинаға әскери көмекті арттыру!

Сонымен, Лондондағы саммитке қатысушылар не деді?

Кир Стармер, Ұлыбритания премьері:

– Бейбіт келісім жағдайында біз Украинаның өзінің қорғаныс қабілетін арттыратын боламыз. Бұл Украинаға болашақта өз шекарасын қорай білуі үшін керек қадем. Біз бейбіт келісімнің сақталуын қамтамасыз ету үшін Украинаға контингент жібереміз. Біз сақтық жасап, күтіп отыра алмаймыз. Біз Украинаға көмекті шұғыл көрсетеміз.

Ресей Украина бойынша бейбіт келісім шарттарын айтып, мәжбүрлей алмайды.  Ресей бейбіт келіссөздерге міндетті түрде қатысуы керек, бірақ талап қоя алмайды. Өйтпегенде бір ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Сонан соң, келісім жасалған күннің өзінде ол келісімді қорғай білу керек. Кткен күндер бізге сабақ болды. Ешбір кепілдіксіз жасалған келісімді Ресей кез келген сәтте бұза алады,  - деді.

Антониу Кошта, Еуропалық кеңес төрағасы:

– Біз Украинадағы бейбіт келісім бойынша Еуропалық әріптестермен және одақтастармен бірлесіп жұмыс жасауға әзірміз. Бұл арқылы Украина халқы үшін әділетті һәм мығым бейбітшілік орнатуға болады. Біз өткеннен сабақ алуымыз керек. Біз Минскінің қателігін қайталамауымыз керек. біз Ауғаныстанның қателігін қайталамауымыз керек. Ол үшін Укриана мен Еуропаға мықты қауіпсіздік кепілдігі керек! Украинаға бітімгерлік күштерді жіберіп, бейбітшілік үшін бірге иық тірестіріп тұруымыз керек, - деді.

Джастин Трюдо, Канада премьері:

– Фактілерге мұқият болу керек! 2014 жылы Ресей Украинаға басып кіруге шешім қабылдап, Қырым мен Украинаның шығысын аннекциялады. Сол үшін Ресей G7-ден қуылды. Ал 2022 жылы олар оқ атпау туралы келісімді ашық бұзып, Киевті 3 күнде, түгел Украинаның 2 аптада жаулап алу үшін соғыс ашты. Мұнысы да болмады. Ресей қазір де Украинаның аумақтарын жаулап алуды жалғастыруда. Егер Ресей басқыншылығын тоқтатса, біз соғыстың ертең-ақ аяқталғанын көрер едік.

Ақ үйде президент Зеленский Путиннің өтірікші һәм қылмыскер екенін дәлелдеп айтты. Ол берген сөзінде тұрады деген құры сөзге, құрғақ уәдесіне сенуге болмайды. Ол кез келген келісімді бұза салатынын сан мәрте дәлелдеген адам.

Қазір әлемдік жағдай өзгерді. Бізге қорғанысқа қаражатты еселеп арттыру керек. біздің Канада да бұдан сырт қалмайды, - деді.

Олаф Шольц, Германия канцлері:

– Лондондағы саммит Ресей агрессиясының құрбаны – Украинаға шын мәнінде қолдау көрсетуге мүмкіндік жасады. Украина өз болашағы үшін келіссөз жүргізу мүмкіндігіне әрқашан ие! НАТО-дағы трансатлантикалық одақтастық АҚШ, Канада мен Еуропа үшін қауіпсіздік кілті. Соңғы жылдары бұл алянс жаңа мүшелермен және қорғаныс бюджетінің ұлғаюымен күшейіп келеді. Бұл біз үшін өте дұрыс бағыт, - деді.

Дональд Туск, Польша премьері:

– Еуропа оянды! Еуропа бірауыздан Украинаны қолдайды! Трансатлантикалық әріптестік пен ЕО-ның шығыс шекарасын мығымдау керектігіне келісті! Батыс Путиннің бопсасына көнбейді! Лондондағы басқосу – тарихи басқосу болды. Бұл басқосу – Еуропа тағдыры талқыға түскен қиын кезеңде өтуде. Қазір тек Украина мен ЕО тағдыры шешіліп жатқан жоқ, тұтас Еуропа тағдыры шешілуде.

Агрессордың кім екеніне дау жоқ. Ол – Ресей. Агрессияға кім тап келді? Еуропа кімнің жағында? Бұл да анық! Бүгін Еуропа елдері бірауыздан қорғанысты күшейту, әскерді күшейту керек деп келістік, - деді.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссия басшысы:

– Біз шұғыл түрде Еуропаны қаруландыруымыз керек! Лондондағы басқосу маңызды әрі мазмұнды өтті. Украинаны әскери жағынан, саяси жағынан қуаттандыру керек деп келісілді. Кешенді түрде қауіпсіздік кепілдігін әзірлеу керек. оның ішінде Украинаға әскери және экономикалық қауіпсіздіктер қамтылуы тиіс, - деді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар