Жапонияға қоңырау шалдым: Трамп соғыс бастады...сауда соғысы

АҚШ президенті Дональд Трамп Мексика мен Канада тауарларына баж салығын 25 пайызға көтерді. Сонымен бірге Қытайдың тауарларына салынатын баж салығын 10 пайыздан 20 пайызға көтеретінін мәлімдеді. Трамптың сөзінше Қытай, Мексика, Канада билігі АҚШ аумағына кіретін есірткі заттарын бақылауды күшейте алмады. Баж салығын көтеру шешімі бүгін күшіне енді.


Какой может быть внешняя политика США в президентство Дональда Трампа -  Ведомости

 

Reuters ақпараттық агенттігінің жазуынша Бейжің АҚШ-қа қарсы жауапты бірден жариялап, 10-наурыздан бастап АҚШ-тың бірқатар тауарларына баж салығын 10-15 пайызға көтеретінін айтты. Қытайдың СІМ басшысы АҚШ-тың әрекетін айыптап, сауда соғысын Вашингтон бастағанын мәлімдеді және Қытайдың үнемі қарымта жауап қайтаратынын жеткізді.

 

Канада премьері Джастин Трюдо Оттаваның дереу арада АҚШ-тың бірқатар тауарына баж салығын 25 пайызға көтеретінін айтты. Сонымен бірге 21 күннің ішінде АҚШ билігі өз шешімінен бас тартпаса, 87 млрд доллар болатын тауарға қосымша тариф енгізуді жоспарлауда.

 

Канада премьері АҚШ пен Канада арасындағы сауда қатынасына Трамптың саясаты орасан зор зиян әкелетінін айтты. «Трамп АҚШ, Канада, Мексика арасындағы еркін сауда жасасу келісімін бұзып отыр» дейді Трюдо.

 

Канаданың Онтарио аймағының басшысы Даг Форд NBC арнасына сұхбат беріп, АҚШ-тың кей аймағына электр энергиясын беруді тоқтататынын айтты. Бүгінде АҚШ билігі Канададан электр энергиясын сатып алып, шекаралас аймақтарды қамтамасыз етіп отыр.

 

Бүгін Мексика президенті Клаудия Шейнбаум Мехикода баспасөз конференциясын өткізеді. Шара барысында Мексика билігі АҚШ тауарларына баж салығын көтеретінін жариялайды деп күтілуде.

 

Трамп Жапония мен Қытай билігіне қоңырау шалып, ескерту жасағанын айтты. «Мен төраға Си мен Жапония басшысына қоңырау шалдым. Мен олардың өз валюталарын құнсыздандыра алмайтынын айттым. Бұл бізге деген әділетсіздік болар еді. Бізге осы жерде Caterpillar тракторларын, техникасын шығару қиынға соғуда. Себебі Жапония, Қытай және басқа елдер өз валюталарын түсіріп жатыр», - дейді ол. Ол бұл мәселені жылдам шешудің бір жолы баж салығын көтеру деп атады.

 

Жапонияның қаржы министрі Кацунобу Като Токионың валютаны әлсірету саясатын жүргізіп жатпағанын айтты. Жапония премьері Сигэру Исиба Токионың қасақана девальвация саясатын ұстанбайтынын мәлімдеді.

 

Трамптың Қытай тауарларына енгізген 20 пайыз баж салығы АҚШ нарығына кіретін қытайлық ноутбук, смартфон, ойын приставкалары, смарт сағаттар, колонка және басқаға салынуда. Бейжің қарымтасына АҚШ-тың ауыл шаруашылық өнімдеріне баж салығын енгізуде. Оның ішінде жүгері, мақта, жеміс-жидек, сүт өнімдері бар.

 

Сарапшылар Трамп бастаған сауда соғысы АҚШ-тың экономикасына да соққы болатынын айтуда. Бұл ауыл шаруашылық өнімдерін шығаратын шаруаларды тұралатуы мүмкін дейді мамандар.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар