Ресей елшісінің «арманы» не? Бородавкин қазақты ақымақ көре ме?

Ресейде және орыс этносы өмір сүретін өзге аймақтарда «Масленица» дейтін мейрам бар. КСРО кезінде қазақтың «Наурызы» секілді тыйым салынған бұр меркені бүгінде Ресей саясаты өз мақсатына пайдаланып қалуға тырысуда.

1741090968766005.png

(Сурет: sputnik.kz / Санат Имангалиев)

Әлгінде Астанада Орыс Православ Шіркеуі осы «Масленицаны» алаулатып-жалаулатып атап өтті. Астанадағы әулие Успень кафедралды шіркеуінің ауласында өткен шараға Қазақстандағы Орыс Православ Шіркеуінің Астаналық шіркеу округі мен Алматы епархиясының басшысы Архмандрит Сергий мен Ресей және Беларусь елшілері арнайы барып қатысқан.

Бұл елімізде бірінші рет аталып өтіп жатқан этностық мейрам емес және оның мазмұны мен мағынасына да шүйлігу ойымызда жоқ. Біздің көңілімізді бұрған сөз – аталған шараға барып, арнайы сөз алған Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкиннің сөздері болды.

Қазақ еліндегі Ресей елшілері қашанда «КСРО – 2» жобасының жақтаушылар санатында болғандықтан һәм Кремль осы ұғымды ұстануды жадтарында жаттатқандықтан, кез келген мерекені «Ортақ Отан» деген ұғым төңірегіне топтастыруға құмар. Ресей елшілері елдестіретін елшілер санатынан еместігін бәрімізде білеміз.

Сонымен, мерекеге Ресей мен Беларусь елшілері де қатысты. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин православиелерді «масленицаның» соңғы күнімен құттықтап, бұл көктем 1945 жылдағыдай өтіп жатқанын атап өтті.

«Бұл да көктемнің алғашқы күндері, жаңа 2025 жылдың көктемі! Ерекше жыл, Кеңес Одағының «Ұлы Отан» соғысындағы жеңісінің 80 жылдығы. 1945 жылдың көктеміндегідей, біз де жеңіс сезімімен өмір сүрудеміз. Жеңіс, ол міндетті түрде келеді және жақын арада келеді. Біз оған сенеміз және оны жақындату үшін еңбек етейік», - дейді Бородавкин.

Орталық Азияға «Ұлы Отан соғысы» деген кеңестік саяси архаизмді таңғысы келген РФ басшылығы осы сөзді өз елшісінің аузына салып берді және: «1945 жылдың көктеміндегідей біз де жеңіс сезімімен өмір сүрудеміз. Жеңіс, ол міндетті түрде келеді және жақын арада келеді. Біз оған сенеміз және оны жақындату үшін еңбек етейік», - деген жолдар есі дұрыс қазақты тітірткеніп жібереді.

Жеңіске жалғыз КСРО қол жеткізген жоқ! Бүкіл әлем халқы бірігіп қол жеткізді. Сталиндік билік бір фашистке жазықсыз 10 солдатты құрбан етіп, АҚШ-тың әскери көмегімен ғана «орыс-неміс» шығыс майданында жағдайды өз пайдасына шеше алды. Тылда 10-12 жасар балалардың еңбегі тегін пайдаланылды. Халықтың аузындағысы мен қолындағысы «Бәрі де – Майдан үшін, Бәрі де – Жеңіс үшін» деген желеумен тартып алынды.

Тағы бір айта кетерлігі Сталин Гитлермен бірлесіп, Еуропаны бөліске салғаны да тарихи шындық! Соғыс 1941 жылы емес, 1939 жылы 1 қыркүйекте басталғаны да беліглі. Оның 1945 жылы 2 қыркүйекте аяқталғаны да аян. Шығыс майданы тек ІІ Дүниежүзілік соғыстың бір бөлігі ғана. Онда да екі фашистік мемлекет – Гитлерлік Алмания мен Сталиндік Ресей өзара мәңгілік достықтарын бұзып, бір-біріне тап берді. Бұл соғысты Гитлер бастамаса, Сталин бастайтынын, соғыс алдындағы ахуалдың солай болғандығын әлем жұртшылығы жақсы біледі.

Сондықтан «Фашистік Алмания» басып кірді деген мифтен арылуға тіиспіз. Басып кірген Веймарлық Алмания еді. Ресей тарихтың дөңгелегін теріс айналдыратындарын осы жолы да танытып, енді өздерінің «ала қойды бөлек қырыққан» Жеңіс мерекесіне Украин-Ресей соғысындағы жеңісті кірістірмек екен.

«Жеңіс, ол міндетті түрде келеді және жақын арада келеді. Біз оған сенеміз және оны жақындату үшін еңбек етейік!» дегені қазақты көрсоқыр ақымақ көріп, Беларусь сияқты артымыздан далаңдап ере береді дегені ме?

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар