Макрон: Ядролық қару бізде де бар: Еуропада кімнің армиясы мықты?

Еуропа елдерінің қорғаныс потенциалы қандай? Франция Еуропаға ядролық қалған бола ала ма? Президент Макрон не дейді? Шолу ұсынамыз...

1741257780849297.jpg

(Сурет: tsn.ua)

ЕУРОПАДАҒЫ ЕҢ ІРІ АРМИЯ КІМДІКІ?

Осыған дейін Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Лейен құны 800 миллиард еуроға дейінгі «Еуропаны қайта қаруландыру жоспарын» жариялады.

Урсула фон дер Лейен: «ЕК Еуропа елдерінің қорғаныс шығындарының бюджетін ЖІӨ-нің 1,5 пайызына дейін арттыруды және ЕО-ның өзінің қоғаныс өндірісіне 800 млрд еуро бөлуді ұсынады», - деп мәлімдеген.

BILD: «Бүгінде ЕО елдерінің әскерлері қаншалықты жақсы қаруланған?» деген сұраққа жауап іздепті.

ЕО-ның өз армиясы болмаса да, Ресейге қарағанда ЕО елдерінің жеке-жеке сарбаздары, танкілері мен жауынгерлік ұшақтары көп. Бұл Украинаның әскери мүмкіндіктерін есепке алмағанда.

BILD инфографикасы бойынша: 900 мың әскерімен Украина Еуропадағы ең үлкен армияға ие болып, екінші орында тұр. Ол сарбаз саны бойынша Түркия, Франция, Ұлыбритания және Германияны озған.

«Экономикалық тұрғыдан Еуропа елдерінің Ресейден басымдығы сонша, егер олар әскери шығындарды ұлғайту туралы шешім қабылдаса, Путин жай ғана бәсекеге төтеп бере алмайды», - деп жазады BILD.

Ресей армияға әртүрлі бағалаулар бойынша ЖІӨ-нің 7-ден 10%-ғына дейінгі қаражатын жұмсайды. Салыстыру үшін, ЕО елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш 4,2%-ды (Польша) құрайды. Ал көптеген елдерде ол 2%-ға жақын (Германия сияқты) немесе тіпті ЕО ортасынан төмен.

Абсолютті сандарға келсек, жағдай басқаша: Ресей экономикасы 2023 жылы ЖІӨ-нің шамамен 2 021 млрд долларды құраған. Ал 2024 жылдың төртінші тоқсанында ресми мәліметтер бойынша 3% өсім көрсеткен. Дегенмен, 143 миллион тұрғыны бар Ресей экономикасы Италия экономикасынан мықты емес.

«Егер ЕО елдері өз азаматтарының өмір сүру деңгейін түбегейлі өзгертпей, қорғаныс шығындарын бірнеше пайызға арттырса, олар қазірдің өзінде Ресейдің қару-жарақ жасау мүмкіндіктерінен асып түседі. Ал Ресей экономикасы толығымен соғыс жағдайына көшкен», - деп жазады басылым.

Урсула фон дер Лейеннің есебінше: Егер ЕО елдері қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің орта есеппен 1,5%-ына арттырса, бұл 4 жыл ішінде шамамен 650 миллиард еуроны құрамақ.

4eee1df6-0228-4664-846e-74d71f8b92e1.jpg

(Инфографика: BILD)

BILD басылымы НАТО-ның шығыс қапталындағы басқа елдердегі қорғаныс дайындығы туралы ақпаратты жариялады. Ол бойынша жағдай былай:

Польша – қорғаныс саласына ЖІӨ-нің 4,2%. 202 мың белсенді әскери қызметші. 614 танк. 103 жауынгерлік ұшақ;

Эстония – қорғаныс саласына ЖІӨ-нің 13,4%. 8 мың белсенді әскери қызметші;

Латвия – қорғаныс саласына ЖІӨ-нің 13,2%. 17 мың белсенді әскери қызметші;

Литва – қорғаныс саласына ЖІӨ-нің 2,9%. 23 мың белсенді әскери қызметші;

Чехия – қорғаныс саласына ЖІӨ-нің 2,1%. 28 мың белсенді әскери қызметші. 43 танк. 28 жауынгерлік ұшақ;

Словакия – қорғаныс саласына ЖІӨ-нің 2,0%. 20 мың белсенді әскери қызметші. 54 танк. 2 жауынгерлік ұшақ;

Венгрия – қорғаныс саласына ЖІӨ-нің 2,1%. 42 мың белсенді әскери қызметші. 209 танк. 12 жауынгерлік ұшақ;

Румыния – қорғаныс саласына ЖІӨ-нің 1,3%. 81 мың белсенді әскери қызметші. 328 танк. 21 жауынгерлік ұшақ;

Болгария – қорғаныс саласына ЖІӨ-нің 2,2%. 37 мың белсенді әскери қызметші. 90 танк. 15 жауынгерлік ұшақ.

МАКРОН: ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ БІЗДЕ ДЕ БАР!

Кеше Франция президенті Макрон Франция халқына үндеу жасады. Макрон өз сөзінде Францияның ядролық қаруы және АҚШ-тың орнын алмастыру потенциалы туралы айтты.

Макрон ядролық қару туралы: «Францияда ядролық қару бар. Біз оны Еуропаны қорғайтын қолшатырға айналдыруға дайынбыз. Дискуссияға ашықпыз», - деді.

Ресей агрессиясы туралы: «Ресей 2030 жылға қарай 3 млн сарбазды мобилизацияламақ. 4 мың танк жасап шығу жоспары бар. АҚШ біздің тарапта болмауы мүмкін. Сол сценарийге дайын болайық. Егер Ресей Еуропадағы көршілес орналасқан елге соғыс ашып, жазасыз кетсе, демек оның бұл істі қайталамасына еш кепілдік жоқ. Келешекте Ресей Еуропаға агрессия жасайтын болады», - деді.

Бейбіт келіссөздер туралы: «Біз Украинаға көмекті тоқтатпауға тиіспіз. Бейбітшілік Ресейдің талабы негізінде жасалмауы қажет. Бейбітшілік әділетті болуы маңызды. Ресейге сенім арта алмаймыз. Ол Минск келісімдерін бұзған, тағы да бір келісімді бұзбасына кім кепіл?!», - деді.

Еуропа қорғанысы туралы: «Біз әскерді күшейтеміз. Еуропа қаруланады. Біз қорғанамыз. Өте көп қару шығарамыз. Украина мен Еуропа өзгеге қол жаймауы үшін көп қару керек. Қорғаныс саласына көп инвестиция саламыз. Жақында бұл тұрғыдан маңызды шешімдер қабылданады», - деді.

Mezgil.kz


Пікір жазу(0 Пікір)
  • Пікір жазыңыз
    Қызу талқы
    Жаңа пікірлер
    Пікірлер тізіміне енуде...

    Ұқсас тақырыптар